Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2719 0 пікір 2 Желтоқсан, 2010 сағат 06:55

Нұра Матай. Комиссар Кнут Воллебек, ойлары сондай керемет!

Атқа мінгендер Астанада жүр. Ол жақта алашапқын жұрт. Ауыл-аймақ  Есілдің сол жағалауына телміре қарап отыр. Атышулы ЕҚЫҰ-ның саммитіне дүниенің әр қиырынан келген мәртебелі меймандар ЕҚЫҰ-ның болашағы және осы ұйымды ағымдағы жылы басқарған Қазақстан туралы құлаш-құлаш баяндамалар жасап жатыр. Саммитке келген қонақтардың ішінде ЕҚЫҰ-ның жоғарғы комиссары Кнут Воллебек мырзаның айтқаны өзгені қайдам, өзімізге майдай жақты.

Ол кісі бүй дейді: «Біз түрлі топқа арналған білім жүйесінің нығаюына ықпал жасап жатырмыз. Және мемлекеттік тілді де назарда ұстап, оған басымдық беруді қолдап отырмыз. Өйткені, аз ұлттарға мемлекеттік тілді білу өте маңызды. Олар мемлекеттік тілді үйрену арқылы қоғамның толыққанды мүшесі бола алады»

Міне, осыған дейін қазақ билігінің аузынан ести алмай зар болып келген жалғыз ауыз сөз осы еді. Жақсы сөз жан семіртеді екен. Әрине, ЕҚЫҰ-ның жоғарғы комиссары айтты екен деп, бірден әрекетке көшетін билік қайда?! Десе де, қазақтың тіліне мұрнын шүйіріп қарайтындарға сауап болды. Өйткені, ендігі жерде қазақ топырағында өзге бір тілдің өмір сүруі мүмкін емес екенін біле жүретін болды.

Сөз жоқ, қоғам тарапынан мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен оның заңда көрсетілгендей дәрежеде болуын талап ету шаралары үнемі өтіп жатады. Бірақ, нәтиже нөлге тең. Бұл енді басқа әңгіме. Ал, жоғарғы комиссардың сөзі қазақ билігіндегі орыстілді ұлықтардың құлағына кіргенмен, санасына жетеді дегенге әй, қайдам, сену қиын.

Қайыршының халіндегі мемлекеттік тілін жиырма жылда жөнге салмаған қазақ билігі жоғарғы комиссардың сөзін күтіп отырыпты деу тағы қисынсыз. Тіпті, біздің елдегі әр әкімшіліктің жанында Тілдерді дамыту басқарамалары жұмыс істеп келеді. Ол қандай тілдерді дамытпақшы сонда? Неге ол мемлекеттік тілді дамыту басқармасы болмайды?..

...деген қарапайым сауалдар мазалайды жанымызды. Тілдерді дамытқысы келіп отырған қоғам емес, билік. Ендеше, ол билікке жолшыбай Астанаға бір соғып кететін жоғарғы комиссардың сөзі көк тиын деген сөз. Тек мәртебелі мырзаның айтқан сөзі Қазақстандағы аз ұлттарды ойландырса болғаны.  Ал, әзірге «жақсы сөз - жарым ырыс» деп, Қазақстанға келіп тұрып Қазақстандағы мемлекеттік тіл туралы мәртебелі пікір білдірген Воллебек мырзаға ризашылығымызды білдіріп қана қоймақпыз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір