Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Анық 7727 1 пікір 4 Қазан, 2017 сағат 10:09

Адасып жүргендердің арасында спорттан жүлдегерлер де бар

 Діни жат ағымдардың жетегіне еріп адасқандардың  арасында бокстан чемпион, күрестен чемпион болған жігіттер бар. Олар чемпиондарды «Біздің қатарымызда кім жүр, соған қара» деп көрсету үшін қосып алады деп жазады  http://www.dalanews.kz сайты Заман Қазақстан газетіне сілтеме жасай отырып. 

Жат ағымның жетегінде кеткендер арасында мектепте де, университетте де жақсы оқыған адамдар да бар. Кезінде ішімдік ішіп, есірткі тартып жүргендердің де балағын қысқартып, сақалын қауғадай қылып өсіріп алғанын көріп жүрміз.

Негізінен бұлардың таным көкжиегі тар. Ой-өрісі кең адам алдымен ақылға салады. Балақты қысқарту жайлы хадис қанша ғасыр бұрын айтылса, дәл солай қабылдайды. Кез келген нәрсені қалай айтты, солай істейді. Өйткені ол ақылға сала алмайды. Ақылға салып ойланатын адам ондай ағымдардың ізінен еріп кетпейді. Мұның бәрі діни білімсіздіктен шығады. Бұған жоғары білім алмағандығы, қараңғылығы қосылады. Оның үстіне бұларда мақсат жоқ. Білімі бар бірен-саран жігіттер де кетіп жатыр.

Мысалы, бокстан чемпион, күрестен чемпион болған жігіттер бар араларында. Олар чемпиондарды «Біздің қатарымызда кім жүр, соған қара» деп көрсету үшін қосып алады. Ал чемпион не үшін, кімдерге қызмет жасап тұрғанын білмейді. Қазір уақытта «Нұр Мүбарак» университетінде «Әл-Азһарды» бітіріп келген ұстаздар дәріс беруде. Бұлардың мінез-құлқы, шәкірт тәрбиелеуге деген ынтасы керемет. Құдай қаласа, екі-үш жылда сол ұстаздардың шәкірттері бітіреді. Солар келіп қоғамды тазарта бастайды деп үміттенемін.

Мирхат Мадияров,

«Шаңырақ» діни кеңес беру, алдын алу және оңалту орталығының жетекшісі

ДереккөзЗаман Қазақстан газеті  

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3515