Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Апат 3558 4 пікір 4 Қазан, 2017 сағат 08:45

Ұшақ құлап, 5 адам опат болды

Алматы облысында АН-28 - санитарлық авиация ұшағы құлап, бес адам көз жұмды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.  

«Алматы облысында құлаған АН-28 - санитарлық авиация ұшағы болған», - дейді Иманқұлов.

Ал, East Wing əуе компаниясының мəліметінше, санавиация ұшағы пациентке консультациялық көмек көрсету үшін Алматы-Шымкент-Алматы бағыты бойынша жолға шыққан. Ұшақ бортында 5 адам болған. Олардың кейбіреуінің аты-жөні де белгілі болды. Олар: ұшақ командирі Қырғыз елінің азаматы Геннадий Ше, екінші пилот Евгений Кутафин, авиатехник Бейшебек Ақматбаев пен екі медицина қызметкері.

Ан-28 ұшағы 1990 жылы Польшада шығарылған, тіркелген номері UP – A2807. Жалпы ең ауыр ұшу салмағы - 5690 кг.

Еске салсақ, бүгін кешке əуеге көтерілген шағын авиация ұшағы 12 минуттан кейін радардан жоғалып кеткен. Кейіннен ұшақ Алматы облысы аумағынан табылды.

Abai.kz

4 пікір