Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2614 0 пікір 2 Желтоқсан, 2010 сағат 05:06

Республиканың солтүстігі мен шығысында бұрқасындатып, көктайғақтанып, ауа температурасы төмендейді; батысы мен оңтүстігінде жел күшейеді, тұман түседі – ТЖМ

Астана. 2 жетоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан ауа райына белсенді циклон мен сонымен байланысты атмосфералық ағымдар ықпал етеді.

ТЖМ хабарлауынша, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстарында батыстан 15-22 м/с жел тұрып, екіпіні 25 м/с-қа дейін болып, бұрқасындатады. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында батыстан 17-22 м/с жел тұрып, екіпіні 25 м/с болып, бұрқасындатып, көктайғақ болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, Алматы мен Жамбыл облыстаның кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-22 м/с болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жел тұрып, таулы аймақта 23 м/с болады. Қызылорда облысында – кей жерлерінде бұрқасындатып, көктайғақтанып, 15-20 м/с жел соғады.

Жақын күндері республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс облыстарында мұз қату үдерісі одан ары жалғасады, жекелеген өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Орал өзенінде алғашқы мұз қату үдерісі басталуы мүмкін. Қазақстанның батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы өзен-көлдерінің гидрологиялық режимінде айтарлықтай өзгеріс болады деп күтілмейді.

0 пікір