Жексенбі, 1 Қараша 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 111953. Жазылғандар — 106310. Қайтыс болғандар — 1825
2589 1 пікір 2 Қазан, 2017 сағат 08:51

Бобомурод Абдуллаев арнайы қызметтің абақтысында отыр

Өзбекстандық журналист Бобомурод Абдуллаев Ташкентте ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыр. Оған қандай айып тағылғаны әзірге белгісіз.

Бір күн бұрын Абдуллаевтың үйіне тінту жүргізіп, компьютері мен дискілерін және «Мұхаммед пайғамбардың өмірбаяны» деген кітабын тәркілеген.

Абдуллаев ісіне қатысты бірінші сот тыңдауы 1 қазанда болады деп күтілген. Оған адвокаты Муножон Парпиевті де жібермеген.

Бастапқыда журналист Ташкенттің Юнусабад ауданында ұрлық жасады деген күдікке ілінген. Кейіннен оның ісімен арнайы қызметтің тергеушілері айналысып жатқаны белгілі болды.

44 жастағы спорт журналисі Бобомурод Абдуллаев өткен сәрсенбіде ұшты-күйлі жоғалып кетті. Екі күн өткеннен кейін туыстары оның ұсталғанын білген. Бобомурод Абдуллаев бірнеше жыл қатарынан Ташкентте Бейбітшілік және соғыс (IWPR) британдық институттың және «Интерньюс» халықаралық ұйымның тілшісі болып жұмыс істеді. Соңғы уақытта ол өзбек футболын сынға алып жүрген.

Abai.kz

1 пікір