Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Туған жерге туың тік! 6661 0 пікір 28 Қыркүйек, 2017 сағат 11:03

«Туған жер» форумының аясында ашылған жаңа нысандар

 

28 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова «Туған жер» республикалық форумының құрметті қонағы ретінде Ақтөбе облысына келді деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Сапар барысында Гүлшара Әбдіхалықова «Туған жер» республикалық форумының ресми ашылуына қатысты.

Одан соң Мемлекеттік хатшы «Жұбановтар әуені» музей-үйін аралады. Жоба «Туған жерге тағзым» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Инвесторы – «Максимус» компаниясы. Жобаның жалпы құны – 300 млн. теңге.

Сондай-ақ Гүлшара Әбдіхалықова «Батыс-2» шағын ауданындағы «Жекпе-жек» сарайының ашылуына қатысты. Нысан мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылды. Инвесторы «Нектор» ӨК. Жоба құны 1,8 млрд. теңгені құрайды. Аталған нысанның спорт залдары бокс, күрес, дзюдо, волейбол, баскетбол, шағын футбол және т.б. ойындарды өткізуге арналған. Жаңа нысанның салтанатты ашылуынан кейін жекпе-жек сарайында дзюдодан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың кубогына арналған халықаралық турнир басталды.

Мемлекеттік хатшы облысқа сапары барысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынған әлеуметтік нысандарды аралады:

«Сымбат» мектеп-интернатында –  2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазіргі заманғы жиһаздармен жабдықталған 100 орындық интернат ашылды. 2017-2018 оқу жылында меншік иелерінің қаржылық есебінен 15 тегін білім беру гранты және облыстың ауылдық елді мекендеріндегі зерек оқушыларды тұрғызып, орналастыру қарастырылды. Жеке инвестицияның көлемі 1,8 млрд. теңгені құрады.

Жедел жәрдем станциясының - инвесторы Түркия мемлекетінің «Туркуаз» ЖШС. Шұғыл медициналық көмек станциясы тәулік бойы тұрғындардың тегін жедел және шұғыл медициналық көмек алу мүмкіндігін туғызады, көмек беру сапасын көтеруді қамтамасыз етеді.

Офтальмологиялық орталықтың – бағасы 3,2 млрд. теңге. Стационар 60 керуетті, емханадағы 1 ауысымдағы келушілер саны 250, ал жұмыс күні 2 ауысымдағы келушілер саны 500 құрайды.

Офтальмологиялық орталық әр түрлі көз ауруларына жоғарымамандандырылған көмек көрсетеді және көздің көруін түзетудің соңғы әдіс-тәсілдерін қолдана отырып бірнеше облыстың тұрғындарына қолжетімді жоғарымамандандырылған операцияларды жасайды.      

«Өнер орталығы» - нысанын «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» бағдарламасы аясында «СНПС-Актобемұнайгаз» АҚ» компаниясы салды. Құрылыс нысанының бағасы 1,5 млрд.теңгені құрайды.

«Мейірім» әлеуметтік үйі – орталық балалар үйінің  түлектерін, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үймен қамтылуын қарастырады. 16 мен 29 жасқа дейінгі адамдарға арналған барлығы 100 орын қарастырылған. Жобаның инвесторы «Сәби» жеке қайырымдылық қоры. Жалпы құны – 1,4 млрд. теңге.

Сонымен қатар Гүлшара Әбдіхалықова «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үй құрылысының жұмыстарымен танысты.

Одан кейін Гүлшара Әбдіхалыкова  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізінде ұйымдастырылған «Туған жер» республикалық жерлестер форумына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Abai.kz

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3523