Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4809 0 пікір 1 Желтоқсан, 2010 сағат 07:06

Еркебұлан Әлімханұлы. Сауд әулеті және Уахабизмнің таралуы

Уахаббизм туралы БАҚ беттерінде өте көп айтылып та жазылып та жүр бірақ нақты бұл ағымды зерттеген қазақша ғылыми еңбектер жоқтың қасы. Ғылыми негізде тұжырымдалмаған мақалалардың болмауы, құрғақ сөзбен қарсылық білдіру бұл ағымның әрекетіне тосқауыл қоя алмайтыны белгілі. Олардың Қазақатандағы оппоненттері көбіне осы ағымдағы адамдардың айтқан немесе жазған сөздерінен аргументтер тауып қарсы шығады, бірақ бұл мәселені түбегейлі шеше алмайды. Өйткені ағымға қарсы тұру үшін (егер кешігіп қалмаған болсақ) оны жақыннан тануымыз қажет.

Сонымен Уахаббизм қалай ортаға шықты? мақсаты не еді? қалай тарады? қолдаушысы кім? тб сұрақтардың жауабын ғылыми тұрғыдан нақты деректерге сүйене отырып шынайы (объективті) талдап көрейік.

Уахаббизм туралы БАҚ беттерінде өте көп айтылып та жазылып та жүр бірақ нақты бұл ағымды зерттеген қазақша ғылыми еңбектер жоқтың қасы. Ғылыми негізде тұжырымдалмаған мақалалардың болмауы, құрғақ сөзбен қарсылық білдіру бұл ағымның әрекетіне тосқауыл қоя алмайтыны белгілі. Олардың Қазақатандағы оппоненттері көбіне осы ағымдағы адамдардың айтқан немесе жазған сөздерінен аргументтер тауып қарсы шығады, бірақ бұл мәселені түбегейлі шеше алмайды. Өйткені ағымға қарсы тұру үшін (егер кешігіп қалмаған болсақ) оны жақыннан тануымыз қажет.

Сонымен Уахаббизм қалай ортаға шықты? мақсаты не еді? қалай тарады? қолдаушысы кім? тб сұрақтардың жауабын ғылыми тұрғыдан нақты деректерге сүйене отырып шынайы (объективті) талдап көрейік.

Уахаббизм ХІІІ ғасырда Орталық  Арабияның Недж қаласында пайда болған діни-саяси ағым.[1] Ағымға уахаббизм атыны оның оппозиционерлері берді және әлі солар жағынан қолданылады, ағым мүшелері өздерін салафилер немесе таухитшілер деп атайды.[2] Ағымның негізін қалаған Мұхаммед бин Абдулуахаб (1703-1792, әр деректе әр түрлі жазылады) Дирия қаласының әмірі Мұхаммед бин Саудпен  1744 танысқанан кейін ағымның саяси мәні артады. Бұл таныстықтың арқасында аталған аймақта ағым еркін жайылуға, ал әмір болса ағымды қолдана отырып билігін нығайтып, кеңейтуге мүмкіндік алады. 1766 жылы әмір қайтыс болған соң оның жолын ұлы Абдуләзиз жалғастырып ағым арқылы әмірлігін кеңейтуге күш салды. Ал Мұхаммед бин Абдулуахаб дүниеден өткеннен кейін ағымның саяси мәні бұрынғыдан да артып Сауд әулеті уахаббилік атыны жамылып ХІХ ғасырдың басында территориясына қазіргі Сауд Арабясының біраз бөлігін қосып алды.

Ағымның бұлай үлкен саяси күшке ие болып Осман империясынан бөлінуге ұмтылуы сұлтанға ұнамады. Сұлтан ІІ Махмұттың бұйрығымен Мысыр әмірі Мехмет Әли уахаббилерге қарсы аттанып оларға қарсы жергілікті арабтардың көмегін ала отырып ағымға үлкен соққы береді. Сол уақытта Сауд әулетінің  жетекшісі саналған Абдулланы тұтқындап Стамбулға жібереді, ол сол жақта ұлдарымен бірге 17.12.1819 жылы дарға асылады. Осылайша ағым ауыр соққы алып біраз уақыт сахнадан шығып қалады.[3]

Аман құтылған Сауд ұрпақтарының бірі Түрік бин  Абдулла ағым жұмысын қайта жандандырып 1822 жылы Риятты алады және оны өзінің саяси орталығы етеді. 1834 жылы әулет ішіндегі тартыста қаза тапқан Түрік бин Абдулланың орнына баласы Файсал билікке келеді. Ол Мысыр әмірі Мехмет Әлимен болған шайқастардың бірінде1838 жылы қолға түсіп Каирде қапаста ұсталады.[4]

1840 жылдары Мехмет Әлидің сұлтанмен арасы ашылып Осман империясынан тәуелсіздік алғысы келеді, сөйтіп Араб түбегіндегі әскерлерін Мысырға алады. Бес жыл қапаста отырған Файсал осы уақытта қапастан қашып шығып Араб түбегіне келеді және ағымның қолдауымен билікті қайта алады. Бірақ Файсал өлгеннен кейін әулет ішінде билікке талас басталады, осыны тиімді пайдаланған басқа ақсүйектер олардан билікті тартып алады, 1891 жылы Рияттан айырылған Файсалдың баласы Абдурахман Кувейтке барып бас сауғалайды. Осылайша Сауд әулеті билігінің екінші кезеңі аяқталады.

Абдурахманның баласы Абдуләзиз ибн Сауд билікті қайтарып алуға күш салады және 1902 жылы 15 қаңтарда Риятты қайта алады, осылайша Сауд ұрпақтары үшінші рет билікке келді.[5] Ол Осман империясымен бірнеше рет шайқасты және соңында мақсатына жетіп бүгінгі Сауд Арабиясының негізін қалады.

Жалпы Арабтардың Осман империясына қарсы күресін ағылшындар тиімді пайдалана білді. Арабтардың Осман империясына қарсы көтерілуіне дем берген осы ағылшындар болды деуге болады. Томас Эдвард Лоуренс, Джон Фильбай сияқты жансыздардың бұл  жолда үлкен қызмет атқарғанын да атап өту керек.

Билікке келгеннен кейін Сауд әулеті уахаббилік ағымның шарттарының дұрыс орындалуын бақылайтын арнайы комиссияға бағынатын полиция құрады.[6]

Уахаби ағымындағылар Аллаға ширк қосу деп көптеген ғимараттар мен мазарларды талқандайды. Талқандалған мазарлардың арасында Мұхаммед пайғамбардың жақын серіктерінің, мүбәрәк әйелдерінің молалары да бар еді (олар мұсылмандар ерекше деп санаған не ислам дініне еңбеген сіңген адамдардың моласы мен олардың аттарындағы мешіттерді ширк (Аллаға серік қосу) деп қиратуды ұзақ уақыт жалғастырды). Бұл басқа мұсылмандардың ашу-ызасын тудырды.

ІІ Дүнижүзілік соғыстан кейін мұнай бағасының артуы ал ең көп мұнай қорына Сауд Арбиясының ие болуы ағымның бай капиталға еге болуына жағдай туғызды. Сауд әулетінің орасан көп қаржы бөлуі және уахаби ағымындағы араб байларының табыстарының бір бөлігін зекет ретінде немесе басқа да қайырымдылық жолында ағымға аударуы арқылы уахабизмнің қаржылық жағдайының басқа ислам ағымдарынан артық болуына әсер етті. Бай қаржылық ресурс олардың еркін қимылдауына мүмкіндік берді. Бұл уақытта Сауд Арабиясы толығымен уахаби ағымында саналғандықтан олар өз әрекетін енді шет елдерде жалғастырды. Халықаралық  аренада бұл саясат «мұнай исламы» деп те аталды.[7]

Жалпы мұнай бағасы шарықтаған өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бері Сауд Арабиясы уахаббизм ағымын  дамытуға ондаған милиард, кейбір мәліметтерде болса жүз милиардтан астам доллар қаржы бөлген деген мәлімет бар.[8] Мұнша қаржы ислам әлемінің оқу орталығы саналған Әл Әзқар университетін өздерінің ағымдарын таратушы оқу орталығына айналдыруына, сөйтіп ағымды таратушы жастарды тәрбиелеуге мүмкіндік берді. Ислам әлемінде соңғы жылдары жетілген теологтардың көпшілігі де осы ағымның жер жерлердегі оқу орындарынан шыққандар болып табылады. Жалпы орасан зор қаржының арқасында уахабизм орталықтарында жүздеген мың шетелдік азаматтардың оқытылғанын, олардың өз елдеріне оралған соң ағымды уағыздауға белсене кіріскенін ескерсек ағымның геометриялық прогреспен тарап отырғанын түсіну қиын емес. Ағымды таратуға бөлінетін қаржы жыл сайын артып отырғанын да айта кету керек. Әрине мұның жақсы әсерінің де болғанын ескеру қажет. Өйткені бөлінген қаржыға мешіттер мен медреселер көптеп салынды (олар ағымды насихаттау орталығына айналса да) және басқа діндегі адамдардың ислам дінін қабылдауына үлкен әсерін тигізді.

 

Өз идеологияңды жаюдың ең тиімді жолы БАҚ екені белгілі. Сондықтан ағым қай елге кірсе де сол елдің БАҚ н бақылауға алуға тырысады. Мысалы Араб мемлекеттері медиясының (теледидар, мерзімді баспасөз және интернет) 30% Сауд Арабиясының қолында немесе соған бүйрегі бұратын топтың иелігінде.[9]

Осыншама қаржылық ресурсқа қарамай ағымға қарсы күштер де қолдарынан енлген қарсылықты жасап жатқаны белгілі. Қарсылық білдірушілер негізінен халифат құруға қарсы мемлекеттердің арнайы органдары мен көзқарастары айқыры басқа діни ағымдар.

Назар аударуымыз тиіс нәрсе уахаби ағымының негізгі қолдаушысы Сауд әулеті. Ал бұл әулет Сауд Арабиясының басқарушысы саналады. Егер уахаббизмнің негізгі идеялараның бірі Ислам Халифатын құру екендігін ескерсек болашақ халифаттың басшысы кім болатынын ұғыну қиын емес. Сондықтан әулет ағымға қолынан келген барлық көмекті жасауға мүдделі. Мақсатына жету үшін мұнай  қаржысын аяп қалмайтыны да белгілі. Қазірдің өзінде Сауд Арабиясының кейбір көрші мемлекеттері осы ағымның құшағына енген.

Мұхаммед ибн Әдулуахабтың діни идеологиясына қарсы шыққандардың арасында оның әкесі мен бауыры Сүлейман ибн Әбдулуахабта болған.[10]

 



[1] http://www.islam.ru/lib/warning/sekty/vahabizm/

[2] Ahmet ÖZALP, VEHHABİLİK NEDİR? (Уахабизм не?) http://tarihyalansoylemez.blogcu.com/vehhabilik-nedir/4346297

[3] Жоғарыдағы сілтеме.

[4] Mehmet Ali Büyükkara, Suudi Arabistan ve Vehhabilik (Сауд Арабиясы және Уахабизм), İstanbul, 2004, s.22.

[5] Büyükkara, a.g.s, s.37

[6] Glasse, Cyril, The New Encyclopedia of Islam, Rowan & Littlefield, (2001), 469-472 бб.

[7] Kepel, Gilles (2002). Jihad: The Trail of Political Islam. trans. Anthony F. Roberts (1st English edition ed.). Cambridge: Belknap Press of Harvard University Press. 72бет.

[8] http://en.wikipedia.org/wiki/Wahhabi#Criticism_and_controversy

[9] Hamadî Redissi" Necid Sözleşmesi yahut bir İslâm fırkası nasıl İslâm'ın yerine geçti?" (http://www.tevbe.org/forum/dini-bilgiler-ve-islami-yazilar/8568-vehhabilik-hizla-yayiliyor.html)

[10] Жоғарыдағы сілтеме

 

«Абай-ақпарат»

 

 

0 пікір