Сейсенбі, 7 Сәуір 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 662. Жазылғандар — 46. Қайтыс болғандар — 6
Жаңалықтар 1798 0 пікір 1 Желтоқсан, 2010 сағат 05:03

Өркен Кенжебек. «Сәлде қағу» саясаты басталса...

Биліктің буынсыз саясаты Батыс әлемін кеше ашып, бүгін танытып жатқанына сендіре қояды. Еуропаға есік ойып, «ӘБСЕсімен» «әпшение», Болоньясымен «бөле» болып жатсақ, бұл да тәуелсіздік эрасының «толағай жетістігі» деп тамақтарын кенейді. Бірақ, біздегі батысшылдықтың тарихы алашшылар кезеңінен бастау алатынын біреу білсе, біреу білмес. Хош, Астанадағы «Rixos» қонақүйінде өткен «Аманат» пікірсайыс отауының кезекті отырысында осы тақырыптың түбіне сүңгі бойлатып көрді. Қарымды журналистердің қаумалауымен зиялы қауым өкілдері зерделі ойларын ортаға салды. Ғалым Дихан Қамзабекұлының сүйекті баяндамасынан сығып алған сөліміз мынадай болды:

Биліктің буынсыз саясаты Батыс әлемін кеше ашып, бүгін танытып жатқанына сендіре қояды. Еуропаға есік ойып, «ӘБСЕсімен» «әпшение», Болоньясымен «бөле» болып жатсақ, бұл да тәуелсіздік эрасының «толағай жетістігі» деп тамақтарын кенейді. Бірақ, біздегі батысшылдықтың тарихы алашшылар кезеңінен бастау алатынын біреу білсе, біреу білмес. Хош, Астанадағы «Rixos» қонақүйінде өткен «Аманат» пікірсайыс отауының кезекті отырысында осы тақырыптың түбіне сүңгі бойлатып көрді. Қарымды журналистердің қаумалауымен зиялы қауым өкілдері зерделі ойларын ортаға салды. Ғалым Дихан Қамзабекұлының сүйекті баяндамасынан сығып алған сөліміз мынадай болды:

« - Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы тұсында Алаш зиялыларының мұраты тағы бір парықталуы тиіс деп ойлаймын. Неге десеңіз, Алаш ардақтылары өздерінің символикасына киіз үйді алып, оның түндігін батыстан ашқан. Бұнысы білім мен ғылымның нұры Батыстан төгілсе деген ниет болатын. Ал киіз үйдің есігіне «қазақ» сөзін жазып қойып, мұны «ұлтымыздың келіп жатқан идея, бастамаға өз қарауы, өз көзқарасы болуы керек» деген оймен түсіндірген. Әлихан Бөкейханов та «Алаш» партиясын құрмай тұрып, бірқатар еңбектерінде, өзі бастаған зиялыларды «западниктер» деп атаған. Бұның астарында мән бар. Себебі, Ресейдің монархиялық жүйесі өзіне-өзі көр қазып, іріп-шіруге бет алған-ды. Орыстың көкірек көзі ояу азаматтары «енді Батыстың бағытымен дамымасақ, парламентаризмді өрістетпесек, күніміз қараң болады» дегендей пайымға келді, осыны үгіттей бастады. Сондықтан, сол кездегі зиялылардың дені, оның ішінде Әлихан бастаған қазақ ұлтшылдары да бар, Батыстың оң тәжірибелерін ойға асыруға талпынды. Демек, Әлиханды Ресей демократиясының дамуына үлесін қосқан азаматтар қатарына қосуға болады. Ал рухани тұрғыда батысшылдық не берді дегенге келсек, бұл адамдардың өмірін жаңадан жоспарлауға, тың бағытта ойлауына қозғау болды. Мұның арысы татар зиялылары бастаған «жәдитшілік» бағытына кетеді ғой... «Жәдитшілік» - бұрынғы қалыптасқан жүйені бұза отырып, Батыстың да, Шығыстың да жақсы тұстарын алып, ә бастағы Исламға көшу деген ұғым болған. Білсеңіздер, әу бастағы Ислам жаңарудың символы болды, ғылымға етене жақын болды. Міне, осы жәдитшіліктің Алаш зиялыларының батысшылдығында айтарлықтай ықпалы болды. Тағы бір айтпай кетуге болмайтын айғақ - бұл Әлихан Бөкейхановтың 1908 жылы Петербор масондық ұйымына мүше болуы. Қарап отырсаңыз, осындай ұрымтал тұста қазақ зиялылары әлемдік саяси ұйымдардың қанатының астына кіруге мәжбүр болды. Сондықтан, тәуелсіздік бізге тегін келді деп желитіндердің есіне саларымыз, қазақ тәуелсіздігі осындай қиындық-теперіштермен пісіп-жетілді. Ал, қазіргі саясатта көбіне көшіру бағытындағы батысшылдықтың лебі есіп тұр».

Белгілі жазушы Төлен Әбдікұлы болса, «Батыстық демократия дейміз. Негізі, демократия ешқандай құбылаға бөлінбейтін дүние ғой... Бірақ, Батыс осыны бәрінен тереңірек игерді. Сондықтан, бұл дұрыс үлгі болса, оны көшіре салу деген үлкен ақылды қажет ететін шаруа емес қой? Кезінде Түркияда Ататүрік діни мемлекеттен зайырлы ел жасау жолында, былайша айтқанда, «самоубиийствоға» барды. Бірақ, сол жанкешті тірліктің жемісін бүгін Түркия көріп отыр. Сол дінді мемлекетік басқару құрылымына араластыруға болмайды. Ататүркі демократиялық принциптер мен дінді жеке-дара ажыратып алды да, қай жағынан болсын ұтылған жоқ. Ал, біздің алаштықтар мұратына жете алған жоқ. Ал, бүгінгі батысшылдық «тілде бар да, істе жоқ», - деп кейіді. «Тілде бар да, істе жоқтың» ешқандай түсініктеме қажет етпейтінін өздеріңіз де білерсіздер. Тіліп айтатын Тұрсын Жұртбай да тосылып қалмады. Танымал алаштанушы Алаштықтар арман еткен бес идеяның бүгінде ешбірі іске аспағаны былай тұрсын, айтылмай жүргенін ашына айтты. Айталық, 2001 жылдың мамыр айында алашшылдардың жерді сатпау туралы мақсаты біздің билік мансұқ етіпті. Сонымен, арыстарымыздың жер туралы соңғы үмітін де «жер қылыппыз». «Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта қазақтың ыңғайына, дәстүріне негізделген заңнамалар қабылданбады. Тек Әкім Ысқақтың редакциясындағы оралмандар туралы заң қабылданды. Оның өзі кейін өзгеріп кетті. Қазір Папаның тақиясы мен масонның мантиясын киюге әуес болдық та, «ұлттық» деген сөзді бар жерден сызып тастадық. Осы ма бізге керегі?», - деген Тұрсын ағамыздың сөзінен титімдей кінәрат таба алмай отырғанда , ол мұсылман жамағаты үшін жағымды бола қоймайтын ақпараттың шетін шығарды. Оның айтуынша, «жоғарғы жақта» «мешіттен басқа жерде намаз оқуға, орамал тағып, хиджап киюге, ерлердің басына сәлде орауына тиым салатын» заң жобасы әзірленіп жатқанға ұқсайды. Парламентке әлі жете қоймаған заң «жоғарғы жақта» екі рет қаралып, талқыланып жатса керек. Тіптен, есімдерін ел білетін екі азаматтың бұл заң жобасына қарсы хаты да келіп түсіпті. «Стиліне» қарасаң, бар мәселені бетімен жіберіп алып, соңыра балтамен бір-ақ шабатын біздікіңе келеді-ей... Санамызды су қылған секталардан сауыт болады деген заң талабы зайырлы елдегі «сәлде қағу» саясаты болмаса жарапты... Солай болмайтынына сенгеннен басқа қайла қайсы?

«Абай - ақпарат»

 

0 пікір