Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3148 0 пікір 1 Желтоқсан, 2010 сағат 04:39

АҚШ мемлекеттік хатшысы қазақстандықтарға өз жетістіктерін мақтан тұтуға кеңес берді

Астана. 1 желтоқсан. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон қазақстандықтарға ел қол жеткізген нәтижелерге лайықты баға беруге кеңес берді.

«Әрине, Орталық Азия аймағының басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстан лидер болып табылады. Бірақ алда әлі талай жұмыс бар. Алайда, осы оң нәтижелерді мақтан тұтайық», - деді ол сейсенбі күні Астанада Еуразия ұлттық университетінің ғимаратында қазақстандық және халықаралық азаматтық қоғам өкілдерімен кездесуде.

Сонымен қатар, мемлекеттік хатшы республика азаматтарына сынға әділ қарауды ұсынды. «Біздің адамдарымызға қатысты белгілі бір сын қажет екенін түсіну керек. Сондықтан бұған аса сынмен және пессимистік көзқараспен қарамаған өте маңызды. Теңгерімділікті қолдау қажет», - деді Х.Клинтон өзінің Қазақстанда адамның еркіндіктері мен құқықтары үшін күрескерлерді қорғау мәселелерін көтеруге дайын екенін сендіре отырып.

«Осында болып жатқанға теңгерімді түрде қарауды ұсынамын. Қол жеткізілген жетістіктерге оң және әділ қарауға ұсынамын. Және елдегі адам құқықтарын қорғау бойынша жағдайды жақсарту үшін не жасау керектігін түсіну керек», - деді мемлекеттік хатшы.

Ол сондай-ақ, республиканың экономикалық саладағы прогрессін де бағалады, бұл өсімнің қарқын алып келе жатқанын атап өтті. «Қазақстан өзі үшін үлкен міндеттер қойды, оларды тұрақты түрде орындап келеді, сондай-ақ, ЕҚЫҰ төрағасы болып, өз аумағында саммит өткізу ниетін танытты. Бұл да ел үкіметі жасап жатқан жұмыстың маңызды көрсеткіші болып табылады», - деді ол. Х. Клинтон қоғамды демократияландыру мәселелерін шешу қажеттігін де атап өтті.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3518