Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4505 0 пікір 1 Желтоқсан, 2010 сағат 04:35

Сотталған журналист Есергеповтың әйелі күйеуінің босатылуына АҚШ мемлекеттік хатшысының тікелей араласуын сұрады

Астана. 30 қараша. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. Сотталған «Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есергеповтың әйелі - Раушан күйеуінің қамаудан босатылуына АҚШ мемлекеттік хатшысының тікелей өзінің араласуын сұрады.

«Өкінішке қарай менің елім – ЕҚЫҰ-ға төраға- қамауда журналист Есергеповты, менің күйеуімді, оны босататын уақыт жеткеніне қарамай, ұстап отыр. Мен оның босатылуына еш сенбеймін... Мен тіпті президент Н. Назарбаевқа да хат жаздым. Ешқандай нәтиже жоқ. Сіз бұл фактіге қалай қарайсыз? Және мен күйеуімнің түрмеден босатылуына сіздің тікелей өзіңіздің араласуыңызды сұрай аламын ба?», - деді ол АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның Астанадағы Еуразиялық университеттегі қазақстандық және халықаралық азаматтық қоғам өкілдерімен кездесуінде.

Өз кезегінде Х. Клинтон «Алма-Ата Инфо» газетінің редакторының басындағы оқиғаға өкініш білдірді.

«Мен келесідей деген болар едім – біріншіден, біз заңның басымдығын қолдаймыз. Және әрбір сотталғанда адвокаты болуы тиіс деп есптейміз. Бұл адамның түбегейлі құқығы болып табылады», - деді мемхатшы.

Екіншіден, Х. Клинтонның айтуынша, қазіргі уақытта журналистер қорғаусыз, осал. «Журналистерді барлық елдерде де, әсіресе Хелсинкий принциптеріне қол қойған ЕҚЫҰ елдерінде түрмеге отырығызып жатыр, өлтіруде. Журналистер бірігіп қорғануы тиіс», - деді ол және мемлекет басшыларымен кездесуінде «барлық кезде де сотталғандар мәселесін, әсіресе сотталған журналистер мәселесін көтеретінін» қосып айтты.

Бұрын хабарланғандай, Р. Есергепов 2009 жылы 6 қаңтарда Жамбыл облыстық ҰҚКД қызметкерлерімен қамауға алынды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «мемлекеттік құпиясы бар мәліметтерді заңсыз жинау және тарату» және «қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану» баптары бойынша айып тағылды. Бұған «Алма-Ата Инфо» газетінде 2008 жылдың 21 қарашасында «Кто управляет нашей страной: президент или КНБ?» деген мақаланың жарық көруі себеп болды, онда Жамбыл облысы бойынша ҰҚКД бастығы Қозбасар Нұрбеков пен ҰҚК төрағасы Амангелді Шабдарбаевтың қызметтік хаты жарияланған. Арнаулы қызмет өкілдерінің бағалауынша, бұл хат құпия құжаттарға жатады. Құқық қорғаушылар бұл айыптаудың саяси астары бар деп есептейді.

Дегенмен, 2009-шы жылғы тамызда Тараз қалалық №2-ші сот үкімімен Есергепов жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейтіндей 3 жылға сотталды. Оған сондай-ақ журналистік және баспагершілік жұмыспен екі жыл бойына айналысуына тыйым салынды.

0 пікір