Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3358 0 пікір 1 Желтоқсан, 2010 сағат 04:29

УҚЫҰ ПА басшысы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы динамизм мен Ұйымға деген сенім әкелді, деп есептейді

Астана. 30 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанның 2010-шы жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы динамизм мен Ұйымға деген сенім әкелді деп есептейді, ЕҚЫҰ ПА төрағасы, Грекиядан Еуропалық парламенттегі мүшесі -  Петрос Эфтимиу

«Ассамблеяның жоғарғы басшылығымен кездесу аяқталған соң мен тағы да ЕҚЫҰ ПА атынан 2010-шы жылғы Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы жаңа динамизм мен Ұйымға деген сенім әкелгенін қуаттағым келеді. Қазақстан төраға қызметінде өзінің Шығыс пен Батыс арасындағы қарым-қатынасты құрудағы адал делдал ретінде рөлін танытудағы ұмтылысында ЕҚЫҰ-ға тиімді басшылықты қамтамасыз етті. Қазақстан сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның барлық кеңістігінде диалогты дамытуға үлес қосты», - делінген  Петрос Эфтимиу таратқан мәлімдемесінде.

Ол сондай-ақ, желтоқсанның бірінде басталатын Астана саммиті – «бұл ЕҚЫҰ кеңістігіндегі жалпы қауіпсіздік үшін Орталық Азияның маңыздылығын көрсетудің ерекше мүмкіндігі» деп есептейді. Хелсинкий қорытынды келісімін қабылдағаннан бері 35 жыл және жаңа Еуропа үшін Париж хартиясын қабылдағаннан бері 20 жыл толып отырған осы айырықша жылы ұйымның мүше-мемлекеттері мен оның азаматтары ұшырасып отырған жаңа және бұрыннан келе жатқан қауіп-қатер масштабы ең жоғарғы деңгейдегі саяси араласуды қажет етеді. Дәл сол үшінде Астана саммиті дер кезінде өткізіліп отыр», - деді ЕҚЫҰ ПА басшысы.

ЕҚЫҰ ПА бюро атынан ол ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекет және үкімет басшыларын «тиімді декларация қабылдау арқылы тағыда өздерінің міндеттерін қолдайтындықтарын білдіруге, және қатысушы мемлекеттер арасында сенімді арттыру мен ЕҚЫҰ-ның оның тиімділігі мен парламенттік өлшемдерін арттыру есебінен одан ары даму мақсатында алдағы әрекеттерге қуатты серпіліс беруге  шақырды». «Соның арқасында Астана саммиті Еуропа мен Еуразиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшемі бойынша қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосады», - деп сенеді П. Эфтимиу.

0 пікір