Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5529 0 пікір 30 Қараша, 2010 сағат 21:31

Сайын Бөлек. Біз және бәрі де біз туралы

Жан саны халықаралық саясатта, экокнмикалық қарым-қатынаста қашаннан маңызды рөлге ие болып келеді. Адам ресурсы қай мемелкетте болса да ең  басты құндылық есебінде. Тіпті, орта дәулеттісінен тақыр кедейі басым елдердің өзінде халықтың көптігі айналасына, аймаққа, сауда-саттыққа ықпал етуші факторға айналып келеді. Мысалыға, Үндістан.  Рас, бізбен салыстырғанда бұқарасының тұрмысы тым нашар. Аш, жалаңаш жұрт тас көшелерде тапқанын жеп отыра береді. Үндістанның шалғайдағы провинциялары мен хуторларын Алматыдағы "Шаңырақ" ықшам ауданының кедейлерімен ғана салыстырауға болатын шығар. Тіпті олардан да төмен жағдайда өмір сүреді десек қателеспейміз. Бірақ, сол Үндістан қазір сыртқа жұмысшы күшін ғана емес, дайын тауарлар экспорттайтын елге айналып отыр. Мұндағы ең басты қозғаушы күш жан санының көптігі болса керек. ISO 3166-1 стандарты бойынша Үндістан халқының саны 1 197 046 000 . Алда - қытай. Қытайлар - 1 340 780 000. Қытай мен Үндістаннан кейінгі орында 310 406 000 жан басы бар АҚШ тұр. 4-ші орында Индонезия (231 369 500), одан кейін Бразилия (193 777 000), Пәкстан (170 982 500). ТМД елдерінен  алдыңғы ондыққа халық санының қалыңдығымен  ресейліктер ілініпті (142 052 966). Өзбекстан 45-ші орында (27 488 000). Біз әзірге 62-ші орынды иеленіп (16 196 800) Белоруссияның, Әзірбайжанның алдына түсіппіз.  Тәуба!

Жан саны халықаралық саясатта, экокнмикалық қарым-қатынаста қашаннан маңызды рөлге ие болып келеді. Адам ресурсы қай мемелкетте болса да ең  басты құндылық есебінде. Тіпті, орта дәулеттісінен тақыр кедейі басым елдердің өзінде халықтың көптігі айналасына, аймаққа, сауда-саттыққа ықпал етуші факторға айналып келеді. Мысалыға, Үндістан.  Рас, бізбен салыстырғанда бұқарасының тұрмысы тым нашар. Аш, жалаңаш жұрт тас көшелерде тапқанын жеп отыра береді. Үндістанның шалғайдағы провинциялары мен хуторларын Алматыдағы "Шаңырақ" ықшам ауданының кедейлерімен ғана салыстырауға болатын шығар. Тіпті олардан да төмен жағдайда өмір сүреді десек қателеспейміз. Бірақ, сол Үндістан қазір сыртқа жұмысшы күшін ғана емес, дайын тауарлар экспорттайтын елге айналып отыр. Мұндағы ең басты қозғаушы күш жан санының көптігі болса керек. ISO 3166-1 стандарты бойынша Үндістан халқының саны 1 197 046 000 . Алда - қытай. Қытайлар - 1 340 780 000. Қытай мен Үндістаннан кейінгі орында 310 406 000 жан басы бар АҚШ тұр. 4-ші орында Индонезия (231 369 500), одан кейін Бразилия (193 777 000), Пәкстан (170 982 500). ТМД елдерінен  алдыңғы ондыққа халық санының қалыңдығымен  ресейліктер ілініпті (142 052 966). Өзбекстан 45-ші орында (27 488 000). Біз әзірге 62-ші орынды иеленіп (16 196 800) Белоруссияның, Әзірбайжанның алдына түсіппіз.  Тәуба! Соңғы деректер біздің тағы да өсе түскенімізді аңғартады: Қазақстан халқы қазір 16 372 000 жетті.  Ал  жалпақ жер бетіндегі халықтың жалпы саны - 6 820 000 000 болды.

Біздің дәуірімізден мың жыл бұрынғы жұрттың саны  50 000 000 болған екен. Бұл шамада қазіргі Қарағанды қаласы мен Балқаш теңізінің сол жағалауында Әлкей Марғұлан тапқан Беғазы-Дәндібай өркениеті өмір сүріпті.

1969 жылы Есік қаласының маңындағы қорғаннан табылған "Алтын адамды" археологтар біздің дәуірімізге дейін 500 жыл бұрын өмір сүрген сақ паташасы деп жүр. Б.д.д 500 жыл бұрын адамзат баласының саны 100 000 000 болыпты дейді деректер.

Жәнібек  пен Керей  қазақ мемлекетінің туын Қозыбас тауына әкеліп тігіп жатқан 15-ғасырда дүниежүзінің халқы 374  000 000  болыпты.

1900 жылы алты құрлықтың халқы 1 633 845-ға жеткен.  Сол кездегі  санақтардың күмәнділеу қортындысына сүйенсек, біз, қазақ 4 млннан асып  отырыппыз.

Семей даласында 1949 жылдың  29 тамызында, таңғы сағат 7-де ядролық сынақ қара жердің бетін тулақтай тулатқан кезде әлем халқының саны  2 528 3 11 жетті.

1961 жылы 12 көкекте қазақ жері алғаш рет адам баласын ғарышқа аттандырып салып жатқанда жер шарындағы жұрттың қарасы 3 035 623 асты.

Қазақстан тәуелсіз ел ретінде 1999 жылдың   25 ақпаны мен  4 наурыз аралығында тұңғыш рет халық санағын өткізіп, жан санымыз 14 896 100 болған кезде дүниенің жұрты 6 000 000 000 болды. Ең ғажабы жер бетіндегі  алтыншы миллиард адам қазақ қызы Рәбия Ермұқанова болып шықты.

Бабамекеніндегі қазақтың саны 10 миллионнан асты. Орыстар 3 миллионға азайды.

Жоғарыдағының бәрі бізбен, біздің санымызбен байланысты мәліметтер.

Аман болайық, Абай болайық, ағайын!

www.masa.kz сайты

 

0 пікір