Жұма, 19 Сәуір 2024
5352 27 пікір 26 Қыркүйек, 2017 сағат 09:07

Қырғызстан ОСК басшысы Бабановтың Назарбаевпен кездесуін "жауапсыздық" деп атады

Қырғызстанның сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясы президенттікке үміткер Өмірбек Бабановтың Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуіне құқықтық баға береді. Бұл туралы ОСК төрайымы Нұржан Шайлдабекова хабарлады.

Оның айтуынша, "Сайлау туралы" заңның 28 бабында үміткерлерге үгіт-насихат кезінде шетел саясаткерлерінің суреттерін қолдануға тыйым салынған. Бірақ ОСК жұмыс тобы бұл жағдайда заң бұзылмаған, ақпаратты Қазақстан президентінің баспасөз қызметі таратқан деп есептейді. Ресми шешім ОСК жиналысында қабылданады. Комиссия төрайымы "заңбұзушылық болды" деп есептейді.

"Мен бұлай жасауға болмайды деп есептеймін. Бұл жауапсыздық деп ойлаймын", - деді ол.

19 қыркүйекте Қазақстан президентінің ресми сайты Назарбаевтың "Республика - Ата-Жұрт" фракциясының басшысы Өмірбек Бабановпен кездескені туралы ақпарат жариялады. Кездесу Алматы қаласында өткені хабарланды. Бірақ кездесудің өту уақыты көрсетілмеген.

Келесі күні Қырғызстан СІМ Қазақстанға наразылық нотасын жолдады.

Abai.kz

27 пікір