Жұма, 19 Сәуір 2024
3624 1 пікір 22 Қыркүйек, 2017 сағат 10:28

Ашхабад ойындарында шетелдің әрбір журналисіне екі гидтен келеді

Ашхабадта V Азия ойындары өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар шетелден көп журналист шақырды. Бірақ олардың көбін кейін қайтарып алса, елге кіруге рұқсат бергендерін мұқият бақылап отыр.

Азия ойындарына барған шетел журналисі жарыстарда видео мен суретке түсіруге рұқсат бермей жатқанын айтты.

Батыс баспасөздерінің өкілдеріне екі гидтен бөлген. Олар күніне үш мәрте Түркіменстан қауіпсіздік комитетіндегі кураторларына есеп беріп отырады.

"Менің екі гидім бар, олар үнемі менің қасымнан шықпайды", - деді журналист.

Бұған қоса шетел журналистеріне Ашхабадтан тыс жерге шығуға рұқсат бермейді. Журналистің сөзіне қарағанда, спорт нысандарында полиция қызметкерлерін көптеп кездестіруге болады.

Айта кетерлік жайт, Батыс баспасөзінің бірнеше өкіліне, соның ішінде The Guardian, Associated Press және басқа да ақпарат құралдарына аккредитация беруден бас тартқан. Азаттық радиосы да рұқсат ала алмады.

Abai.kz

1 пікір