Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3485 0 пікір 30 Қараша, 2010 сағат 03:46

Нұра Матай. «Шаңырақтың» жарасы әлі жазылған жоқ!

2006 жылдың 14 нші шілдесі. Қазақ билігі қалаға қоныстанған қазаққа тұңғыш рет қол көтерген күн! Алматының іргесіндегі «Шаңырақ» ықшам ауданындағы бос жерге өз еріктерімен қоныс тепкен қазақтың мәселесін шеше алмаған қалалық билік жұдырыққа жүгініп, өз жерінде, бейбіт жатқан қазақты жау шапқандай қылып, жылы ұясын талқандап, сол бір бас жарылып, қол сынған оқиғаға Арон Атабек бастаған бір топ азаматты кінәлі деп тауып, алдын 18 жылға соңын 14 жылға соттап жіберген болатын. Содан бері де төрт жыл өтті. Арагідік тәуелсіз БАҚ ы ғана тар есік, тар босаға қапаста жатқан, шаңырағын қорғағаны үшін істі болып сотталып кете барған азаматтардың абақтыдағы халінен қалың жұртты хабардар етіп келеді. Көбі ол кезді ұмытты.

Астанада күні ертең өткелі жатқан ЕҚЫҰ ның саммитіне орай, «Шаңырақ» ісі бойынша сотталған: Арон Атабек, Құрманғазы Өтегенов, Ерғанат Тараншиев және Рүстем Тұяқовтардың туыстары саммитке дүниенің түкпір-түкпірінен келіп жатқан мәртебелі мырзалар мен түрлі халықаралық ұйымдардың және ел президентінің атына үндеу жолдады.

Қарашаның 29 ы күні баспасөз мәслихатына келген аналар еңірегенде етектері жасқа толып, ұясын қорғаймын деп істі болған балаларының еш жазығы жоқ екенін сондықтан да олардың ісін қайта қарауды сұрап отыр.

Сол жерде сөз алған Рүстем Тұяқовтың анасы «Шаңырақ» ісі бойынша сотталған ұлы Рүстем өзінің ақтығын айғақтау үшін полицияға барған баласын біздің құқымыз бен қауіпсіздігімізді кірпік қақпай күзететін полиция ұрып-соғып, азаптап, итше тепкілеп отырып, 17 қағазға қол қойдыртқан деп отыр.

- Шаңырақта төрт мыңдай отбасы тұрады. Солардың көбі жерлерін заңдастырып алды. Күліп, ойнап үйлерінде отыр. Ал, мен болсам, көзімнен қан ағып, балам түрмеде отыр. Осы тқрт баланы босатса, істерін қайта қараса деймін, - дейді Райхан Тұяқова.

Өзге аналарда балаларының ақтығын айтысты. Көз жастарына ерік берді.

Алайда, автомашинасымен адам қаққан Жовтисті жарты әлемге жар сала жеткізген еуропаның «Шаңырақпен» ісі бола қоймас. Әділдік атаулының бәрі бастыстан келеді дейтін жаңсақ түсініктің де түбі көрінгелі қашан. Біздің қазақ билігінің де «Шаңырақтың» шындығын білуге құмартып отырғаны шамалы. Өзімен өзі әуре. Бірақ қапаста жатқан азаматтармен қазақтың жаны бірге. Алла білетін ақиқаттың салтанат құрғанын бәрімізде қалаймыз. Амал қайсы, заманның сұрқы мынау. Азаматының ақтығына жұрт куә. Ағарып, ағайынның ортасына маңдайы жарқырап оралар күнде алыс емес шығар. Ләйім, солай болғай!

Айтпақшы, «Азаттық» радиосының хабарлауынша, «Шаңырақ» ісі бойынша, 18 жылға сотталған Арон Атабек сингапурлық Freedom to Create халықаралық сыйлығына лайық деп табылыпты. Бұғанда шүкір.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610