Жұма, 29 Наурыз 2024
Ел іші... 3552 5 пікір 21 Қыркүйек, 2017 сағат 12:53

Елбасы тапсырмаларының орындалу барысы «Нұр Отанның» жіті назарында

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында өткен партиялық тыңдауда индустриалды-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған істер жайы сөз болды.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасымыздың тікелей бастамасымен тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуда ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. Аталған бағдарламаның жетістіктеріне тоқталып өткен Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасының тапсырмасымен индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 1000-нан астам жаңа кәсіпорындар салынғанына және оны жүзеге асыруға 5 триллион теңгеден астам қаражат бөлінгеніне назар аударды.

Осының бәрі президенттік бағдарламаның нәтижесі екенін айтқан партия Төрағасының Бірінші орынбасары: «Елімізге бүкіл дүниежүзіне танымал аса ірі компаниялар келіп, миллиардтаған доллар инвестиция салды және ең озық технологияларды әкелді. Дәл осы жаңа кәсіпорындар мұнай бағасы үш есеге төмендеген кезде ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отыр. Ендеше біз Елбасы тапсырмаларының уақытында орындалуын қатаң бақылауға алуымыз керек», – деді.

Партиялық тыңдауда арнайы баяндама жасаған Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек тек осы жылдың өткен 8 айында ғана 489,8 млрд. теңгені құрайтын 32 жоба жүзеге асырылып, 3,9 мың жұмыс орны ашылғанын атап өтті.

«Мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері өңдеу өндірісінің өсу қарқыны дағдарысқа дейінгі 2008 жылмен салыстырғанда 25,2 пайызға көбейіп, кен өндіру саласының өсу қарқынын (13,9 пайыз) басып озды. Елімізде өндеу саласы бойынша 26 жаңа сектор құрылды. Нәтижелі жұмыспен және еліміздің барлық өңірінде тұрақты экономиканы қамтамасыз ететін жаңа индустриалды база пайда болды», – деді Ж.Қасымбек.

Сондай-ақ, іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Парламент Мәжілісіндегі фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаева, Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко, Мәжіліс депутаттары, «Индустриалды даму» бағытындағы партиялық комиссия мүшелері, бірқатар ведомство өкілдері, сарапшы мамандар, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және тауарөндірушілер мен кәсіпорындардың республикалық қауымдастығының басшылары қатысты. Сондай-ақ, бейнебайланыс арқылы еліміздің барлық өңірі тікелей қосылды.

Бүгінде елімізде Елбасымыздың бастамасымен көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Алайда кез келген істің жемісті болуы оның жүйелі жүргізілуімен құнды. Осы тұрғыдан келгенде «Нұр Отан» партиясының президенттік бағдарламалардың орындалуын ерекше бақылауда ұстауы көңіл қуантады.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2271
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584