Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3173 0 пікір 29 Қараша, 2010 сағат 10:23

Астанаға ЕҚЫҰ саммитіне қазірдің өзінде 1,5 мыңнан астам шетелдік қонақ келді – әкім

Астана. 29 қараша. Астанаға қазірдің өзінде ЕҚЫҰ саммитніе 1,5 мыңдай қонақ  келді. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарабевқа қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті, деп президенттің баспасөз қызметінен хабарлады.

«... Астанада қазірдің өзінде 1,5 мыңнан астам шетелдік қонақ келгенін, олар 68 қонақ үйге орналастырылғанын мәлімдеді. Қонақтар бос уақыттарында елорданың әсем ғимараттарымен танысып, қаланың қонақжай дәстүріне қанығатын болады.Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, барлық нысандар, соның ішінде, жол инфрақұрылымдары, қонақ үйлер, мейрамханалар, сондай-ақ Саммит жұмысы өтетін бөлмелер дайын. Біздің қонақтарымыздың көңілінен шығады деп ойлаймын», - деп И.Тасмағамбетов мемлекет басшысына баяндады.

Баспасөз қызметі Астанаға 75 ресми делегация, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен БАҚ өкілдері келетіндігін, барлығы 5 мыңнан астам қонақ келетінін хабарлады.

«Біз үшін, әсіресе біздің жаңа елордамыз үшін бұл бір шетінен, аса жауапкершілік, екінші жағынан – үлкен құрмет. Мен қонақтарды әуежайдан бастап күтіп алып, оларды қонақ үйлерге орналастыру үшін Астанада көптеген жұмыстар атқарылғанын білемін. Қалада көшелер абаттандырылды, қауіпсіздік, қалалық көліктің қозғалу бағыты, бос уақытты ұйымдастыру мәселелері ойластырылды», - деді қала әкімімен кездесуінде президент деп жазады Ақ орданың ресми сайты.

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, кездесу соңында президент қазақстандықтар Саммиттің өткізілуін қолдап көптеген хаттар жолдағанына, ал БАҚ материалдар жариялағанына тоқталды. Қазақстандық бизнестің өкілдері Саммиттің өтуіне қаржылық қолдау көрсетуде.

«Бұл үшін барша қазақстандықтарға рахмет. Біз Саммитті жоғары деңгейде өткізу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз», - деп тұжырымдады елбасы.

0 пікір