Жұма, 29 Наурыз 2024
Көршінің көлеңкесі 34716 22 пікір 20 Қыркүйек, 2017 сағат 15:42

Қытай билігі Қанат Исламның жанкүйерлерін қамап жатыр

 

Қытайдың Шыңжаң өлкесі Үрімші қаласының сақшылары  қыркүйектің 10-ы күні 50-ден астам жергілікті қазақты тұтқындады деп хабарлайды Қырғыздың «АКИpress» агенттігі. Сақшылардың қазақтарға таққан айыбы: интернет желісінде шетел видеосын көріп , заңға  қатысты ережелерді бұзғаны көрінеді.

Жергілікті қазақтардың айтуынша, біреулер ұялы телефонмен вичатта Қазақстанда өткізіліп жатқан әлемдік бокс жарысын көрген, оның ішінде қытай өкіметі тарабынан тыйым салынған қытайдың бұрынғы боксшысы Қанат Ислам қатысқан  жарыс болған.

«АКИpress» агенттігінің деректеріне сүйенсек,  қыркүйектің 10-ынан бастап Үрімшіде сақшылар кең көлемде қолға алу операциясын жүргізіп,  бірнеше ауданда 30-дан артық қазақты тұтқындаған. Гаощин ауданындағы Қазақстанның Үрімшідегі виза беретін орнының маңындағы қонақ үйлер мен жатақханалардан да 20 шақты қазақтықазақты тұтқындаған .

Жергілікті қазақтардың айтуынша, тұтқындалғандар қонақ үйлер мен  жатақханаларында өздерінің ноутбуктары мен ұялы телефондарындағы ғаламторды пайдаланып, Қанат Исламның 9-қыркүйектегі Қазақстан атынан қатысқан халықаралық бокс жарысын көрге .

Ахуалдан хабары барлардың айтуынша, олар «қабырғадан секіру деталін» қолданбастан, жарыс көрермендерінің вичат арқылы жіберген видео және фотоларын көрген .

33 жастағы Қанаттың бұрынғы мекені Шыңжаң өлкесі. Ол 2008 жылы Пекин олимпиадасында ҚХР-ға қола медаль, ал, 2007 жылғы бокстан әлем жарысында қола медаль алып беріп, Қытайдағы қазақтардың «ұлт батыры» атанған еді.

2012 жылы Қанат Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін коммунистік партияны сынға алғандықтан Қытай өкіметінің толықтай тыйымына тап болған-ды.

Қанаттың туған ауылы Алтай аймағындағы Қаба ауданындан жергілікті сақшылар әйгілі боксшының жанкүйерлері болып жүретін 5 қазақты тұтқындаған. Таққан айыптары: «вичат арқылы шетелден таралып келген видеоны көргендері» екен.

Abai.kz

22 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610