Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3302 0 пікір 29 Қараша, 2010 сағат 09:28

Минск тобының тең төрағасы және ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы Карабах қақтығысын реттеу мәселелерін талқылады

Астана. 29 қараша. ҚазТАГ – Елена Преображенская – Дүйсенбі күні Минск тобының тең төрағасы Игорь Попов пен ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы, сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтаулы Карабах қақтығысын реттеу мәселесін талқылады.

«ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасының таулы Карабах жөніндегі арнайы өкілі және мен – ресейлік тең төраға бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрлігімен кездесіп, таулы Карабах проблемасын реттеуге байланысты мәселелерді талқыладық», деп мәлім етті И.Попов журналистерге кездесуден кейін.

«Біз оған соңғы бірнеше күнде Баку мен Ереванда өткен кездесулер туралы, президент Әлиевпен (Ильхам Әлиев – Әзербайжан президенті – ҚазТАГ), президент Саргсянмен (Серж Саргсян –Армения президенті - ҚазТАГ) кездесулер туралы, базалық қағидаларды әзірлеу жұмыстарының барысы туралы айтып бердік», - деп нақтылады Минск тобының тең төрағасы.

Ол Минск тобының өкілдері ЕҚЫҰ-ның Астанадағы саммиті «армян және әзербайжан жақтарының арасындағы диалогты жалғастыру үшін маңызды алаң болады» деген үміт» білдіргенін атап өтті».

Минскіде Таулы Карабах жөніндегі халықаралық конференция шақыру туралы шешім 1992 жылдың 24 наурызында ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің министрлер кеңесінің төтенше отырысында қабылданды.

Минск конференциясын дайындау процесіне тартылған елдер - Болгария, Германия, Италия, Ресей, АҚШ, Түркия, Франция, Чехословакия, Швеция Әзербайжан мен Армения арасындағы қарулы қақтығысты реттеу үшін Минск байланыс тобын құрды. Конференцияда Минск тобының тең төрағаларының институты құрылды.

ЕҚЫҰ Минск тобының басты мақсаты – Карабах қақтығысын шешу, оның бақылаушылары қақтығысушы жақтардың бітімді сақтауын бақылап отыр. 1993 жылы Минск тобы Баку мен Ереванның аумақтық дауларын реттеудің жоспарын ұсынған болатын ("Нақтыланған график"), бірақ бұл ұсыныстарды Армения да, Әзербайжан да қабылдаған жоқ. 1994 жылы екі жақ Ресейдің дәнекерлік етуімен атысты тоқтату туралы бейресми келісімді сақтау туралы уағдаласты, оны осы уақытқа дейін ұстанып келеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3528