Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4192 0 пікір 29 Қараша, 2010 сағат 08:58

Тәуелсіздік күні қарсаңында республикалық ақындар айтысы өтеді - Астана

АСТАНА.  29 қараша. ҚазАқпарат  /Жанна Қорқытова/ -   11-12 желтоқсан күндері   елордалық  Конгресс-холда   Тәуелсіздік күніне  орайластырылған     республикалық  ақындар айтысы  өтеді.

Бұл туралы  «Қазақстан   халқының   рухани даму  қоры» акционерлік  қоғамының баспасөз қызметінен  хабарлады.

«Тәуелсіздік тағылымы» тақырыбына арналған   айтысқа     Аманжол  Әлтаев,   Айнұр  Тұрсынбаева,  Балғынбек Имашев, Ринат  Зайытов,   Бекарыс Шойбеков     сынды   танымал    ақындар     қатысады.

«Қазақстан   халқының   рухани даму  қоры» акционерлік  қоғамы   бұл шараны Мәдениет   министрлігінің  қолдауымен   ұйымдастырып  отыр.    Бас демеуші  - «Самұрық-Қазына» Ұлттық  әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы.

0 пікір