Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2923 0 пікір 27 Қараша, 2010 сағат 11:57

Түркияның экс-президенті Демирель Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті табысты өтетініне сенімді – ҚР СІМ

Астана. 27 қараша. ҚазТАГ – Түркияның экс-президенті Сулейман Демирель Астанадағы ЕҚЫҰ саммитінің табысты болатынына сенімді. Ол Анкарада ҚР елшісі Жансеит Түймебаевпен кездесуінде осындай пікір білдірді, деп ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарда айтылғандай, елші Ж. Түймебаев, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жеткізе отырып, С. Демирельге Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезіндегі атқарған негізгі шаралары мен бастамалары туралы айтып берді.

«С. Демирель Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығын жоғары бағалап, осы саммиттің Астанада табысты өтетіндігіне сенім білдірді», - делінген ақпарттық баянда.

Хабарда С. Демирельдің «Қазақстан, өзінің президенті Н. Назарбаевпен Орталық Азиядағы тұрақтылықты сақтауда маңызды рөл атқарады» деп айтқан сөзі келтірілген. Экс-президент сондай-ақ, Түркия Қазақстан тәуелсіздігін мойындаған әлемдегі ең алғашқы мемлекет қана емес, сонымен қатар ЕҚЫҰ-дағы Қазақстанның осы ұйымға 1994-ші жылы кіруін қолдаған ең бірінші мемлекет екенін жеткізді.

С. Демирель президент Н. Назарбаев пен Қазақстан халқына ыстық сәлемін жолдап, алдағы, 16-шы желтоқсанда аталып өтетін Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Еске салсақ, соңғы рет ЕҚЫҰ саммиті Стамбулда (Түркия) 1999-шы жылы өткен болатын.

0 пікір