Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5751 0 пікір 27 Қазан, 2018 сағат 08:37

Зорлық-зомбылық және медиа. ТВ-ның теріс әсері

Әр елдің болашағын халқының бүгінгі әл-ауқатымен, яғни әлеуметтік  жағдайымен тығыз байланыстыра отырып болжауға болатын шығар.  Қалай десек те, бүгінгі таңда мемлекеттің өркендеп алға шығуы, халқының өсіп-өнуі де азаматтарының экономикалық сауаты, қоғамдық-саяси белсенділігінің деңгейімен көрініс таппақ. Оның үстіне постмодернизм тұсында  адамдардың ақыл-ой еркіндігіне, сөз бостандығына кең өріс ашылатындықтан, ғылымның алдыңғы қатарға шығуы, «сапалы адам» идеясының өзектілігінің арта түсуі заңды құбылыс болса керек.

Осы орайда, қанша жерден айтыла-айтыла жауыр болуға айналды десек те, М.Әуезовтің  «Ел боламын  десең,бесігіңді  түзе!» дегенін еріксіз қайталауға тура келеді.  Бүгінде  ол  нақылды  нақышына  қарай «...экраныңды түзе» деп  өзгертіп те алуы мүлде кездейсоқтық емес. Оған себеп электрондық дәуірдегі  бірден-бір  тәрбие  құралы - БАҚ арқылы  көрініс  тауып  отырған  медиазорлық болып отыр.

Әр елдің болашағын халқының бүгінгі әл-ауқатымен, яғни әлеуметтік  жағдайымен тығыз байланыстыра отырып болжауға болатын шығар.  Қалай десек те, бүгінгі таңда мемлекеттің өркендеп алға шығуы, халқының өсіп-өнуі де азаматтарының экономикалық сауаты, қоғамдық-саяси белсенділігінің деңгейімен көрініс таппақ. Оның үстіне постмодернизм тұсында  адамдардың ақыл-ой еркіндігіне, сөз бостандығына кең өріс ашылатындықтан, ғылымның алдыңғы қатарға шығуы, «сапалы адам» идеясының өзектілігінің арта түсуі заңды құбылыс болса керек.

Осы орайда, қанша жерден айтыла-айтыла жауыр болуға айналды десек те, М.Әуезовтің  «Ел боламын  десең,бесігіңді  түзе!» дегенін еріксіз қайталауға тура келеді.  Бүгінде  ол  нақылды  нақышына  қарай «...экраныңды түзе» деп  өзгертіп те алуы мүлде кездейсоқтық емес. Оған себеп электрондық дәуірдегі  бірден-бір  тәрбие  құралы - БАҚ арқылы  көрініс  тауып  отырған  медиазорлық болып отыр.

Қазіргі таңда теледидардан санқилы айуандық пен зорлық-зомбылықтың ашық та айқын көрсетіліп, адам қанының суша шашылып «ағып» жатуына аса таңданбайтын жағдайға жетіппіз. Жауыздыққа етіміз үйреніп бара жатуының өзі қорқыныш тудыратын қауіпті тенденция болса керек. Ал, оны елеп-ескеріп жатпайтындығымыз, немкеттілікпен қарап мән бермеуіміздің соңы опық жегізбесіне кім кепіл. Әр күн сайын сіздің балаңыз  орта есеппен 17 өлім-жітімді, 37 жауыздықты бейнелеген көріністерді тамашалайды екен. Мұндай эпизодтардың көрсетілу барысында оның қандай сөздермен «көркемделіп» көмкеріліп жататындығын, шайқасушылардың бір-бірін қалай тілдейтіндігін айтпасақ та түсінікті. Және бұл көріністердің таңның атысы, күннің батысы демей үздіксіз жалғасып жататынын қайтерсің.

Атыс-шабыстан, біріңғай төбелестен тұратын ондай телеөнімдер балалар дүниетанымының, логикасы мен психикасының қалыптасуына теріс әсер ететіндігін жұрттың бәрі білсе де, үнемі айтылса да қолданылып жатқан арнайы шаралар, белгіленген іс- әрекеттің қарасы әзір көрінбейді. Біз өзі жауапкершілікті сезінуден гөрі оның себеп-салдарын біреуге жаба салуды, өзгелерден көріп соларды сынап-мінеуді алға тарта беретін жандармыз ғой. Әңгіме етіліп отырған тақырыпты кез келген жерде қозғап көріңіз. Батысты немесе АҚШ-ты сөгіп шыға келеміз. Дұрыс-ақ, солардың кесірі, бұрын бізде бәрі дұрыс еді делік. Алайда, сол Батысыңыз мұндай сорақылыққа дәл біздегідей жол беріп қойып, қол қусырып қарап отырмайтынын тағы ұмытпауымыз керек сияқты. Шындығына келсек, олар теледидар дейтін осы бір сиқырлы жәшіктің өмірге енген алғашқы кезеңінен бастап зорлық-зомбылық көрсетілімдеріне қарсы күрес ашқан екен. Олай болса, әлемдік тәжірибелердің кейбір тұстарымен танысу үшін АҚШ-та «Зорлық, медиа және балалар» деген тақырыпта жүргізілген зерттеулердің қорытындыларымен танысайық.

Айталық, 1951 жылы Америкада зорлық-зомбылық тақырыбындағы көрсетілімдер теледидар уақытының  1О%- ын  құраған екен. Соған қарамастан 1954 жылы алғаш   рет  Конгресте телезорлықтың көрермендерге әсері жөнінде  мәселе талқыланған. 1956 жылы ғалымдар  теледидардың жас өспірімдерге залалы көп болуы мүмкін екендігін тұжырымдаған. Аталмыш жылдары барлық   телехабарлар  2/3-тен  ¾  бөлігінде зорлық  көріністер  сағат  сайын  6-10 мәрте қайталанатындығы дәлелденген. Ал, 1961   жылғы мәлімет бойынша телезорлық көрсетілімдердің көлемі ұлғайған  және  оның көпшілігі  балалар экран  алдында  отырғанда  көрсетілетіндігіне дабыл қағылса, 1965 жылы теледидардағы зорлықтар  жеткіншектердің жат қылықтары арқылы көрініс бере бастаған. 1969 жылы жасөспірімдер  агрессиялық  мінез  көрсетудің  тәсілдерін  теледидар  көрсетілімдерінен үйренетіндіктері анықталған.

Сондай-ақ, 1972 жылы американдық  50 жетекші   маманның  бес  томдық  зерттеу  есебі медиазорлық  пен кәмелетке толмағандардың агресивті  мінез-қылықтарының арасында     байланыс   бар екенін  көрсетті. 1980 жылы үш маусым  бойы  көрсетілген  телесериалдар  талданды.  Жүргізілген  зерттеулер  оларға сағат  8   бен 9  аралығында  кем  дегенде 9 рет, сағат  9 бен 11  аралығында  кем дегенде 12  рет  және  балалар  хабарларында (сенбі  күні  таңертең )  сағат  сайын   21 реттен  аса зорлық көрсетілімі болатындығы  анықталды. 1982 жылы жүйке ауруларын емдеу  ұлттық  институты   (National  Institute of    Mental  Health) дүние  жүзінде  жүргізілген  2500  зерттеуге  шолу  жасаған.  Қорытындысы бойынша  жасөспірімдердің  агрессивті  мінездері  мен  теледидар  зорлығының  арасында  сабақтастығы  бар екендігі анықталған. Нәтижесінде, жұртшылыққа балаларының  не  көретіндігін  қадағалау  қажеттілігі  ұсынылды; индустрия  өкілдерін  теледидар  зорлықтарын  азайтуға  шақырды; медиазорлық  саласында  зерттеу  жұмыстарын  дамыту  қажеттігі  айтылды.  Американдық  бала 1984-1985 жылдары    теледидардан  сағат  сайын  27  зорлық  көріністі тамашалағаны белгілі болған.  Бейнеклиптердің  жартысынан  көбі  зорлық тақырыбында екендігі   дәлелденген.  Ақыры, 1990 жылы  АҚШ  Конгресінде     теледидар  және  оның  балаларға  әсері  жөнінде  заң  жобасы  ұсынылып тыңдалғаны туралы дерек бар.

1992 жылы Американың психология ассоциациясы федералдық  үкіметтерді  қоғамды медиазорлықтан қорғауға шақыруға дейін барған. 1996 жылы ақпанда АҚШ Президенті «Телекомуникациялар туралы» заңға қол қойды. Бұл заң бесінші чиптер, теледидар хабарларын сүзетін компьютерлік  микропроцессорлар шығару  қажеттігін айқындады. 1997 жылы АҚШ -та телебағдарламалардың  жас мөлшеріне негізделген жаңа рейтинг  жүйесі қабылданды. 1997 жылы ЮНЕСКО  аумағында «Балалар және экрандағы  зорлық» атты халықаралық  палата  құрылды. Оның іс-қимылының  басты  нысаны БҰҰ «Бала құқығы жөніндегі  Конвенциясы» болды. 1998 жылы Ұлттық  телеарнаның  теледидар зорлығын зерттеуге  байланысты  құрылған тобының  есебінде, телехабарлардың 60% -ында  зорлық   болатындығы  және «Телеэкраннан көрген  зорлықтың  кері  әсер етуінің  қаупі тіптен жоғары екендігі» айтылды.

Лос-Анжелесте  теледидар және балалар денсаулығы  мәселелеріне  байланысты  медиаиндустрия  өкілдері мен зерттеушілердің  конференциясы өтті. 1999 жылы сенатор Дж. Либерман  балаларды  медиазорлық  қаупінен  қорғау және  ойын-сауық  индустриясы жауапкершілігін арттыруға  арналған  жаңа заң жобасын ұсынды. Заң жобасы, түрлі БАҚ ұжымдары туындыларының  сапасын  арттыру және балаларды  зиянды  медиаөнімдерден  қорғау мақсатында заңды қатайтуға шақырды. 2000 жылы Американың  педиатрлар  академиясы, Американың медицина  ассоциациясы, Американың психологтар ассоциациясы, Американың  балалар және жасөспірімдер психиатрия   академиясы сынды  төрт бірдей ұлттық  ассоциация   біріккен үндеу жариялады. Онда: «Медициналық  қоғамның отыз жылдан аса жүргізген  зерттеу нәтижесі, зорлық тақырыбындағы  «ойын - сауықты» көру, әсіресе, балалардың агрессиясының   өсуіне, олардың қарым-қатынасының бұзылуларына  әсер ететінін  көрсетті» деп тұжырымдаған. 2000 жылы қаңтар айынан бастап  Американың  теледидарлары  (экрандары  12 дюймнан үлкен) ата-аналарға балаларының  көрмегені  дұрыс деп тапқан. АҚШ  Конгресінде «Зорлық  және медиа» деген тақырыпта  тыңдау  болды. 2001 жылдың  зерттеуі американдық  балаларға  арналған  жексенбілік  хабарларда  жиырмадан  жиырма  беске дейін  зорлық  актілері  болатынын  анықтады.

2002 жылы Американың  балалар  және  жасөспірімдер  психиатрия  академиясы зерттеулерінің  нәтижесі мынандай болды:

- медиазорлықты  шамадан тыс көретін  балалардың көпшілігі қайшылықтарды  шешудің  ең  тиімді  жолы  зорлық деп  есептейді ;

-медиазорлықты белсенді түрде тамашалайтындар шынайы өмірде  зорлықты эмоцианалды  түрде  қабылдамайды;

- зорлық «ойын- сауығымен»белсенді түрде  әуестену, баланың бүкіл  әлем  тек зорлық  негізінде  құрылған  деп пайымдауына әкеп соқтыруы  мүмкін;

Тек қана 2003 жылдың өзінде АҚШ   Конгресінде  он  төртінші  қаңтарда « Балаларды,зорлық  көрсетілетін  бағдарламалардан  қорғау» заң  жобасының тыңдауы және Өкілдер  палатасында  «Балаларды  бейнеойындарда секстен  және  зорлықтан  қорғау» заң  жобасының  тыңдауы  болған.

Жоғарыда келтірілген деректерге қарағанда, өркениетті әлемнің «экранын түзеуге» аса мән беріп жатқандығын аңғаруға болады. Ал, аталмыш мәселенің елімізде әлдеқашан күнтәртібінде тұрғандығы дау тудырмаса керек. Осы  тұрғыдан келгенде, экранымыздан  күнде көрініс  табатын  Ресей  мен  АҚШ-тың (басым) көрсетілімдері  балалар  мен  жасөспірімдердің  сана  сезімінің, дүниетанымының  дұрыс  қалыптасуына  кері  әсерін  тигізуде  деп  дәлелдейді  психолог  мамандар.

Отандық  телеарналарымызда  ұлттық  нақышқа  келтіріліп, ділімізге  сай  жасалып  жатқан жастарға  арналған  жобалар баршылық. Балаларға арналған анимациялық фильмдер жасаудың өзекті мәселелерін көтерген арнайы хабар жасалып, «Қазақстан» үлттық арнасы арқылы көрсетілгенін де білеміз. Шымкенттегі ұлттық мультфильм жасайтын шығармашылық ұжымның ерен еңбегін де осы тұста атап өткен орынды болар. Қазақ ертегілері мен дастандарының желісімен жасалған мультфильмдердің ара тұра болса да отандық арналардан көрсетіліп жататыны бар. Алайда, оны жауыздықты насихаттайтын шет елдік арзанқол фильмдермен салыстыруға келмейді. Әрине, ұлттық өнімдеріміз аздық етіп тұр. Сан жағынан  экрандарымызды жаулап алған шет елдік телеөнімдер алда келеді, өкінішке қарай. Оған тосқауыл қоятын, балама түрде телеөнім жасайтын мүмкіндігіміз әлі де жеткіліксіз секілді. Мұндай жағдайда қазақ тілін жас жеткіншектерге меңгерту үшін, жалпы ана тілімізді құтқару мақсатымен десек те болады, тездетіп кабельдік телевизия арқылы көрсетіліп келе жатқан «Николедеон», «Жетикс», «Дискабри» секілді арналардың тілін қазақша аударған жөн. Оған ешбір сылтаудың, қаражаттың мұқтаждығы сынды уәждердің қажеті жоқ. Қазіргі барлық балалардың көретін телеарналары жоғарыда аталғандар. Ал, оның бәрі орыс тіліне аударылып көрсетіліп келе жатқандықтан шын мәнінде бүгінде қазақ балалары жаппай ана тілінен ажырап барады.

Тіл жайындағы көп айғайлар, пайдасыз жиын, мәжілістер, ана тілінің шенеуніктері тіпті қазақ балабақшасы мен мектептері де қазақты сақтап қалуға көмектесе алмайды. Өйткені, аталмыш телеарналар сіздің үйіңіздің төрін бала-шаға, немерелеріңізбен қоса баяғыда жаулап алып қойған. Сондықтан, жау кеткен соң қылыштарын тасқа шауып жүрген тіл шенеуніктерінің қызмет штаттарын қазірден бастап қысқарта беруге болатын шығар. Сол қысқартудан үнемделген ақшамен аталмыш телеарналарды қазақ тілінде сөйлете алсақ өркениет көшінен кеш қалмас едік. Ал, қазіргі балалар мен жастарға ертегі оқы деп көлемі кірпіштей қалың кітаптарды тықпалап әуре болмай-ақ қоюға болады. Оның нәтижесі болады деу де тым аңғалдық.

Зарина Қозыбаева

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3607