Жұма, 26 Сәуір 2024
3627 1 пікір 11 Қыркүйек, 2017 сағат 08:29

Тәжікстанда "соғыс министрі" Халимовтың туыстарына қатысты тергеу аяқталды

Тәжікстанның бас прокуратурасы елдің ІІМ ОМОН экс-командирі, Ислам мемлекеті (ИМ) экстремистік ұйымына қосылған Гулмурод Халимовтың үш туысына қатысты тергеу ісі аяқталғанын мәлімдеді. Олар шекараны заңсыз кесіп өтпек болды, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсылық білдірді деп айыпталады.

Қашқын полковниктің бауырлары Комил және Назир Халимов, әрі оның немере інісі Әли Халимов 5 шілдеге қараған түні ұсталған. Олармен бірге болған тағы төрт адам арнайы операция барысында қаза тапқан.

Тәжікстанның арнайы қызметінің ақпараты бойынша, Гулмурод Халимовтың туыстары тәжік-ауған шекарасын кесіп өтіп, ИМ тобына қосылмақ болған. Сонымен бірге Наим Рахмоновтың Гулмурод Халимовпен үнемі байланыста болғаны айтылады.

Тәжікстанның арнайы қызметі қашқын полковниктің бауыры Назирмен де байланыста болғанын анықтаған. Гулмурод Халимов оған отбасын Ауғанстанға көшіруді тапсырған екен.

8 қыркүйекте РФ қорғаныс министрлігі Гулмурод Халимовтың Дейр-эз-Зур қаласында ресейлік әуе күштері тарапынан өлтірілгенін мәлімдеді.

Abai.kz

1 пікір