Сенбі, 20 Сәуір 2024
4338 0 пікір 11 Қыркүйек, 2017 сағат 08:27

Тыңшылықпен айыпталған Зүлфияның әкесі Өзбекстан президентіне хат жазды

Тәжікстанның тыңшысы болды деп айыпталып, 11,5 жылға бас бостандығынан айырылған Зүлфия Халимованың әкесі Мұхаммадносир Халимов 8 қыркүйекте түрмедегі қызымен кездескен. Кездесуден кейін ол Өзбекстан президенті мен Жоғарғы сот төрағасына хат жолдаған.

– Кеше мен қызыммен кездестім. Онымен сөйлесіп, кінәсіз екеніне көзімді жеткіздім. Қызым зорлық-зомбылықтан кейін, істемеген істі мойындадым дейді. Бүгін мен Өзбекстан президенті мен Жоғарғы сот төрағасына хат жаздым. Менің қызым тыңшы емес, – дейді 36 жастағы Зүлфияның әкесі.

Ол қызының жұмыс іздеп Тәжікстанға кеткеніне бола, айыпталғанын айтады.

– Менің қызымды Сырдария жылу электр станциясында жұмыс істеп жүргенінде тіркеу бөліміне алдап шақырып алған. Онда екі әйел қастандық жасаған. Кейін милиция келіп, қызымды алып кеткен. Оны бұзақылық жасады деп 10 тәулікке қамаған. Бұл жөнінде тіптен бізге хабар да бермеген. Ол қамауда отырғанда, арнайы қызметтің тергеушісі Зоир Тұрсынов қысым көрсетіп, істемеген қылмысын мойындатқызып, қол қойдырып алған, – дейді Халимов.

36 жастағы Зүлфия Халимованың ісі Өзбекстанның әскери сотында жабық есік жағдайында өткен.

Abai.kz

0 пікір