Жұма, 19 Сәуір 2024
3742 3 пікір 11 Қыркүйек, 2017 сағат 08:25

Ашхабадта қыз-келіншектер мерекелік киіммен көше тазалайтын болады

Ашхабадта Азия ойындары қарсаңында көше тазалаушылар жұмысқа енді мерекелік жасыл түсті киіммен шығу керек. Көше тазалаушы әйелдер бастарын шаңнан қорғайтын орамал таға алмайды.

Коммуналды шаруашылық қызметінің көше тазалаушысы басшылық жасыл түсті матадан тігілген жаңа киімге тапсырыс бергенін айтады. Бірақ оның құнын еңбек ақыларынан ұстап қалады екен. Кейбір жұмысшылар ақшаны үнемдеу үшін, матаны алып, киімді өздері тігуді сұрапты. Бірақ басшылық бас тартқан.

Оның үстіне көше тазалаушылардың жұмыс кестесі де өзгерген. Олар таңғы сағат 7-ден түнгі 3-ке дейін жұмыс істейтін болады.

Жергілікті бақылаушылар көше тазалайтын арнайы заманауи техникалар бола тұра, жұмысшыларды қолмен істейтін қара жұмысқа салады дейді. Тіптен қыз-келіншектер жолдарды шүберекпен жуады екен.

Бұдан бөлек көшені тазалауға да келбетті, жасы 30-дан аспаған әйелдерді тартады екен.

Abai.kz

3 пікір