Жұма, 29 Қыркүйек 2023
5090 1 пікір 5 Қыркүйек, 2017 сағат 11:40

БРИКС: пәкістандық топтар аумақ тыныштығына қауіп төндіреді

Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Корея (БРИКС) елдері Пәкістандағы топтарды аймақтағы тұрақтылыққа қауіп төндіреді деп есептейді.
Қытайдың Сямэнь қаласында БРИКС саммитінде қабылданған мәлімдемеде Ауғанстандағы зорлық-зомбылықты доғаруға шақырған.

"Біз бейкүнә ауған азаматтарының қазасына себеп болған террорлық шабуылдарды сынаймыз", - делінген мәлімдемеде. Онда аймақтағы тыныштықты бұзатын топтар ретінде "Талибан" қозғалысы, "Ислам мемлекеті", "Әл-Каида" және оның құрылымдары, соның ішінде Шығыс Түркістан ислам қозғалысы, Өзбекстанның ислам қозғалысы, "Хаккани" желісі, "Лашкар-э-Тайба", "Джаиш-э-Мохаммад" және "Хизб-ут-Тахрир" ұйымдары аталды.

Үндістанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі БРИКС құжатында содырлардың тізімі жасалғанын "терроризммен күрестегі маңызды қадам" деп атады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алашорда

Тіл жанашыры – Нәзір Төреқұлов

Бағлан Ташимов 2339
Білгенге маржан

Хилда Хукхэм. Ұлы қолбасшылар...

Бейсенғазы Ұлықбек 2128
Ақмылтық

Билік мыңқ етпеді

Ғаббас Қабышұлы 2501