Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 4863 7 пікір 4 Қыркүйек, 2017 сағат 09:15

Баталов зиялы қауыммен кездесті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Жетісу жерінде ілкімді істер атқарылуда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов облыс орталығы Талдықорған қаласында зиялы қауым өкілдері мен ардагерлермен кездесті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Бейресми кездесуді Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, атақты журналист Бейсен Құранбек жүргізді. Еркін форматта ұйымдастырылған басқосуға сексеннен астам Елбасы саясатын халыққа түсіндіріп, белсенді еңбек етіп жүрген қоғам қайраткерлері қатысты.

Игі шарада Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы кездесуге келгендерге облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында қысқаша ақпарат беріп, аға буын өкілдерінің қоғам өміріне, әсіресе, Елбасы мақаласында көрсетілген негізгі тапсырмаларды асқан жауапкершілікпен орындап, жас ұрпақты тәрбиелеуде белсенді еңбек етіп, сүбелі үлестерін қосып келе жатқандығы үшін алғысын білдірді.

– Биыл жетісулықтар үшін жемісті жыл болды деп ойлаймын. Өйткені республика бойынша 18 миллионыншы тұрғынның біздің өлкеде дүниеге келуінің өзі үлкен жетістік. Сонымен қатар, биыл қаңтар-маусым айлары аралығында облыста өнеркәсіп саласында 329,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 104,4 % құрады. Ауылшаруашылығы саласында да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді. Қазірдің өзінде 149,8 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Одан бөлек, осы кезең аралығында облысқа 174,6 млрд. теңге инвестиция тартылды. Нәтижесінде 12 724 жаңа жұмыс орны құрылды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген негізгі тапсырмалар аясында өңірімізде түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Атқарылған игі шаралардың барлығы да сіздердің назарларыңыздан тыс қалған емес. Бұл шараға өздеріңіздей сөзі салмақты, өмірлік тәжірибесі мол, ұлағатты жандардың атсалысуы аса  қажет. Бұл орайда, бірлесіп атқарар істер де көп боларына сенімдімін. Аграрлы өңірде атқарылып жатқан жұмыс нәтижесін өздеріңіз күнделікті газет-журналдан, телеарна жаңалықтарынан біліп отырсыздар. Жақында Елбасымен өткен кездесуде, Жетісу жерінде биыл атқарылған игі істер айтылды. Әсіресе, туризм саласын дамыту жоспарында Алакөл аймағының алар орны зор. 25 жылда туристердің емін-еркін Алакөлге барып, тамаша табиғатта демалу үшін Үшарал қаласына қазіргі заман талабына сай әуежай аштық. Халықтың әлеуметтік жағдайына барынша көңіл бөлген Президент еңбегіне барынша алғыс айтамыз, – деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Жетісудың жетістіктері жайлы сөз қозғаған Амандық Ғаббасұлы небәрі үш жылдың ішінде қант қызылшасының егіндік алқабын 9 мың гектарға ұлғайтылғанын зор мақтанышпен жеткізді. Сонымен қатар, биыл тәтті түбірден 300 мың тонна өнім алу жоспарда барын да атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде әлеуметтік салаға үлкен көңіл бөлініп жатқандығын тілге тиек етті. Ескірген нысандар күрделі жөндеуден өтіп, материалдық-техникалық базалары жаңартылып, жаңадан сәулеті келіскен ғимараттар бой көтергені жайлы толық ақпарат берді. Өңір басшысы 44 мектептің құрылысы жүргізіліп, оның 35-і жыл соңына дейін пайдалануға берілетіні жайлы сөз қозғады. Ал аталған білім ошақтарының 24-і Білім күні өз шәкірттерін қабылдамақ. Мектеп табалдырығын аттайтын оқушылар саны 49 мыңға жеткені де жетісулықтар үшін үлкен жетістік.

Өңірімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін ұтымды пайдаланудың нәтижесінде мектепке дейінгі білім беру мекемелері көптеп ашылуда. Мысалы, үш жыл бұрын мектепалды даярлықпен қамту көрсеткіші 64 пайызды көрсетсе, өткен жылы 85, ал биыл бұл көрсеткіш 95 пайызды құрайды.

Ақсақалдар алқасы Елбасы саясаты аясында Алматы облысы әкімінің атқарған жұмысына ризашылықтарын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Ақсақалдар түрғын үй мәселесі мен қаланы газдандыру жүйесіне қатысты сұрақтар қойды. Қазіргі таңда негізгі тақырып өзегіне айналған газдандыру жүйесі жайлы сұраққа облыс әкімі толыққанды жауап берді. – Өңірде 2 миллион тұрғын тұрады. Оның 473 тұрғылықты өңірінде тұратын 1,4 млн. тұрғын табиға газбен қамтылады. Бүгінгі таңда газдандыру жұмысы 22,8 пайызды көрсетіп тұр. Осы іспен айналысатын жергілікті атқарушы орган бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 26 пайызға орындауы керек, – деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Ақсақалдар атынан сөз алған Алматы облысының Құрметті азаматы Кеңес Аухадиев, жастардың салт-дәстүр мен эпостық жырлардағы басты кейіпкерлерді оның ішінде қазақ батырларын ұлықтау жолындағы кемшін тұстарын атады. Бұл тек мәдениет саласына ғана қатысты болмау керек деген пікірімен бөліскен ақсақал Елбасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасында осындай кемшін тұстарға көңіл бөлу керектігіне ерекше тоқталғанын айтып, болашақта жас ұрпаққа тарих, әдебиет саласында біршама жұмыстармен айналысу керектігін облыстық әкімдікте қызмет ететін жауапты мамандар қолға алса деген ойын ортаға салды. Ой саларлық ұсынысты құптаған өңір басшысы бұл мәселе «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алдағы уақытта басты назарда болатынын жеткізді.

Өзге де салалар бойынша ауыз толтырып айтар жетістіктермен бөліскен Амандық Ғаббасұлы зиялы қауым өкілдері мен ардагерлерге тағы да ризашылығын білдіріп, ел дамуына үлестерін қосқан жандардың ақыл-кеңестері мен көпжылдық еңбек тәжірибелері ауадай қажет екенін айтты. Әсіресе, болашақ ұрпақ тәрбиесін «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен байланыстырып аталған бағдарламада көрсетілген тапсырмаларды орындауда үлкен сенім артылатындығын тілге тиек етті.

Кездесу соңында зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдар бірқатар мәселелер бойынша өз ойларымен бөлісіп, облыс әкімінің жұмысына сәттілік тіледі.

Abai.kz

 

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621