Сенбі, 23 Қыркүйек 2023
3468 0 пікір 4 Қыркүйек, 2017 сағат 09:10

Мәскеуде жүздеген мұсылман наразылық акциясына жиналды

Ресей астанасында жүздеген мұсылман Мьянмада этникалық рохинджа тобын қудалауға салуға наразылық білдіріп, қала орталығында рұқсат етілмеген акцияға шыққан. Мәскеудегі Мьянма елшілігі жанына жиналған наразылар "Аллаху акбар!" деп айғайлаған.

Ол жерде тұрған полиция өкілдері наразылық акциясына араласпай, сырттай бақылап тұр.

Тұрғындарының басым бөлігі буддизм дінін ұстанатын Мьянма республикасында мұсылман рохинджалар жергілікті билік тарапынан қысым көріп отыр. Этникалық азшылық топтың 75 мыңнан астам өкілі жақында елден қашуға мәжбүр болған. Мьянмада соңғы апталарда буддистер мен мұсылмандар арасындағы қақтығыстар салдарынан 400-ден астам адам мерт болған.

Ресей құрамындағы Шешенстанның басшысы Рамзан Қадыров Мьянмадағы мұсылмандарды қудалауды айыптаған. Шешенстанмен көрші Дағыстанда рохинджаларды қолдау акциясы өткен.

Ресей сыртқы істер министрлігі Мьянмадағы жағдайға Мәскеудің "мұқият назар аударып" отырғаны туралы мәлімдеп, жанжалға қатысушы тараптарды диалог орнатуға шақырған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алашорда

Тіл жанашыры – Нәзір Төреқұлов

Бағлан Ташимов 1989
Білгенге маржан

Хилда Хукхэм. Ұлы қолбасшылар...

Бейсенғазы Ұлықбек 2033
Ақмылтық

Билік мыңқ етпеді

Ғаббас Қабышұлы 2380