Жұма, 29 Наурыз 2024
3481 0 пікір 4 Қыркүйек, 2017 сағат 09:06

Өзбекстан Қырғызстанмен шекарасының 80 пайызы келісілгенін мәлімдеді

Өзбекстан мен Қырғызстан екі мемлекет арасындағы шекараның 80 пайызын келістірді. Бұл туралы Өзбекстан үкіметі хабарлады.

Ресми мәліметке қарағанда, 21-31 тамыз аралығында Бішкекте, одан соң Ташкентте Өзбекстан және Қырғызстанның жұмыс топтары шекара мәселелерін талқылады. Олар шекара туралы келісім ғана емес, мемлекетаралық құжатқа тиісті қосымшалар әзірледі.

28 тамызда қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев Өзбекстанмен арада шекараның 84 пайызы келісілгенін хабарлады. Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, 26 жыл бойы мемлекеттік шекара дау туғызып келді, енді ол проблемалар шешіліп жатыр.

Қырғыз-өзбек шекарасы 1378 шақырымға созылып жатыр, соның 320 шақырымының немесе 58 учаскенің мәртебесі анықталмаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2277
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596