Жұма, 29 Наурыз 2024
Рух 5578 22 пікір 29 Тамыз, 2017 сағат 17:27

«Отандас-Ел» Отаны үшін от пен суға түсуге дайын!

 

Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!

 

Сізді және барша отандастарымызды 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз.

Құдайға тәубе, Ата Заңның арқасында ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы 26 жылдың ішінде байырғы қазақ жерiнде бірлігі жарасқан, айналасындағы барлық елдермен шекарасын айқындаған, дамудың даңғыл жолына түскен, әлемдік қауымдастықта өз орнын ойып тұрып алған  мемлекет құрды. Еркiндiк пен теңдiк және татулық салтанат құрған, бейбiтшiліктің туын биік көтерген, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігін ерте сезінген осынау Ұлы Дала Елінің азаматы болу – біз үшін зор мақтаныш, Алланың берген теңдессіз сыйы.

Сіз өткен жылдың басында мемлекеттің тұрақтылығы мен мемлекеттік басқару аппаратының күшеюіне тиімді болу үшін және нақты орын алған жағдайларға байланысты Конституциямызға кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, Парламент пен Үкіметке 40-тан астам құзыретіңізді тапсырадыңыз. Бұл шешіміңіз – Ұлы Еліміздің демократияға қызылды-жасылды төңкерістермен емес, табиғи даму жолымен басқан зор қадамы болып, тарих бетіне жазылды. Сөйтіп, «Алдымен эконмика, соңынан саясат», «күшті президенттік басқару» деген ұстанымыңызды сәтті де нәтижелі орындағаныңызды дәлелдедіңіз.

Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламаңыз, 2017 жылға арнап жасаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауыңыз және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалаңыз – Мәңгілік Еліміздің қара шаңырағын шайқлтапай, мәңгі көтеріп тұратын үш тірегі. Соқтықпалы, соқпақсыз жерден жол таба білген Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылда жиып-терген мол тәжірибесін қортындылай отырып, болашақта бізді «НҰРСҰЛТАН САЛҒАН НҰРЛЫ ЖОЛДАН» мәңгі адастырмайтын етіп жасап берген шамшырақ іспетті құжаты.

EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ТМД-да бірінші болып Астанада өткізілуі – әлем елдері алдында Қазақстанның беделі мен күш-қуатын әйгілеген таңғажайып оқиға ретінде бағалануда.

Ал, EXPO-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында Астана төрінде өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайының тарихи маңызы мен мәнін тіпті де баса айтқымыз келеді. Сіз Тәуелсіз Қазақстанның ірге тасын нық қалауға бірден-бір негіз болған «Көші-қон саясатын азаттық таңы әне-міне ата бастаған сәтте-ақ көрегендікпен жолға қойып үлгірдіңіз.  Шеттегі қазақты Атажұртына шақыру туралы Қазақ КСР Министрлер Кеңесіне 1991 жылғы 18 қарашада шығартқан «Басқа республикалардан және шетелдерден селолық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақ КСР-інде қоныстандыру тәртібі мен шарттары туралы» №711 Қаулыңыз – біз – шеттен оралған қара орман қандастарыңыз үшін Атажұртқа жол ашқан ақжолтай шешім болғанын бір сәтке ұмытқан емеспіз. Ол құжаттың көшірмесін бойтұмардай қастерлеп, ұрпақтарымызға аманатқа қалдырамыз. Ал,  18 қараша – мереке!

Өз пәрменіңізбен 2016 жылы төртінші мәрте өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қайта қабылданған Қазақстан Республикасы «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы шетте жүрген бауырларымыздың Отан құшағына оралуына мейілінше кең жол ашты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» №83 қаулысының мән-мағынасын да біз өте терең түсінеміз.

«Отандас-Ел» Республикалық қоғамдық бірлестігі – Сіздің «Көші-қон» деген сол Ұлы саясатыңыздың  арқасында Тәуелсіздік жылдары Қазқстанға оралған, «Қазақстан Республикасының азаматы» екенін дәлелдейтін қасиетті КӨК ПАСПОРТҚА қолдары жеткен, бұл күнде Отанынан өз орнын тапқан іні-қарындастарыңыздың құрған заңды ұйымы. Мақсатымыз –  Жарғымызға сай, оралмандардың және қазақ диаспорасының экономикалық, әлеуметтік, мәдени және өзге де өмірлік маңызды проблемаларын шешуге қатысу. Сіздің жүргізіп отырған саясатыңызды қолдау, халыққа жеткізу, сөйтіп алыстан келген ағайын мен билік арасына дәнекер болу.

Сіз біздің барша тілегімізді орындап келесіз:

«Тұңғыш Президенттің көші-қон қорын» құруды ұсынып едік, шеттегі және елге көшіп келген ағайындарды қолдау үшін «Отандастар» деген қор құру туралы Үкіметке тапсырма бердіңіз.

Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама Қытайдан оралған қандастарымыздың тұрақты тіркеуге тұруына кедергі болып келе жатқанын айтып едік, бұл мәселеге де көңіл аударып, шешу туралы құзырлы орынға бұйрық бердіңіз.

Алыстағы ағайынның ұрпағының жағдайын айтып, шырылдап едік, «Біз шетелдегі қазақ бауырларымыздың балаларына Қазақстанда білім алуларына бар жағдайларын жасауымыз керек!» деп, оларға бөлініп келе жатқан білім алу квотасын екі есеге көбейтіп тастадыңыз. Тіпті, «Сыртта жүрген бауырларымыздың бір бөлігі – жастар. Олар ассимиляцияға түсіп, ана тілін ұмытып барады. Біз бұған ара түсуіміз керек. Үкімет шетелдегі қандастарымыз ықшам орналасқан өңірлерде олардың ана тілінде білім алу мүмкіндіктерін қарастыруы керек» - деп, Үкіметке үстеме тапсырма бердіңіз...

Ең бастысы, «Елім, жерім деп еңіреген әрбір қазаққа Қазақстанның есігі әрқашан ашық, айқара ашық. Ешкімге шектеу жоқ!» - деп, Қазақ көшінің болашақ тағдырына нүкте қойдыңыз.

Ендігі жерде Алатау мен арқаны бетке алған Қазақ көші мәңгі тоқтамақ емес және енді ешкім, ашқашан тоқтата алмайды оны! Көш- шекара сыртында бір қазақ қалғанша жалғаса бермек, жалғаса бермек!

Бір сөзбен айтқанда, осының бәрі Мәңгілік Еліміздің болашағы үшін жасалған Ұлы шешімдер мен Ұлы еңбектер!

Қуаныш пен мұң қатар жүретіні белгілі ғой, есігіміз айқара ашылып, Заңымыз кемелденген тұста, ҚХР-да тұратын қазақтардың Қазақстанға келуі қиындап кеткені жанымызға аяздай батады. Көрші, дос екі елдің арасындағы мұндай мәселелердің Сіз тұрғанда майдан қылшық суырғандай етіліп шешілетініне сеніміміз кәміл!

Біз Сізге дән ризамыз, аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы.

«Отандас-Ел» Отаны үшін от пен суға түсуге дайын!

«Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» мерекесі тағы да  құтты болсын!! Алда келе жатқан Құрбан Айтыңыз қабыл болсын!!!

 

«Отандас-Ел»

Респубиликалық қоғамдық бірлестігі

 

 

 

 

 

 

 

 

22 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3576