Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
5301 8 пікір 29 Тамыз, 2017 сағат 10:04

Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Өзбекстанға барады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 25 тамызда "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің өзбек павильонын аралап жүріп, жақында Өзбекстанға сапарлап баратынын айтты.

Қазақстан басшысы мен қазақ делегациясының өкілдері Өзбекстанның балама қуат көзін алудағы жетістіктерімен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаевты күн сәулесінен қуат алатын панельдер орнатылған электромобиль үлгісі қызықтырды. Бұған қоса ол күн сәулесі мен желден қуат алатын эко-зауыт макетімен танысты.

Мемлекет басшысы көрмеге қойылған заттардың болашақта әжетке жарайтынын айтты.

Сапар соңында Назарбаев экскурсия үшін алғысын білдіріп, жақын күндері ресми сапармен Өзбекстанға баратынын мәлімдеді.

Abai.kz

8 пікір