Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
4646 0 пікір 29 Тамыз, 2017 сағат 10:03

БҰҰ Ресейді расизм және ксенофобиямен белсенді күресуге шақырды

БҰҰ өкілдері Ресей билігін расизм және ксенофобиямен күресті барынша күшейтуге шақырды. Онымен күресудің бір тәсілі ретінде ксенофоб пікірі үшін саясаткерлерге айыппұл салу ұсынылды.

БҰҰ тәуелсіз сарапшылар тобы дүйсенбі күні Нәсіліне қарай кемсітушілікті жою жөніндегі комитетке арнайы баяндамасын тапсырды. Құжат авторлары 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионаты қарсаңында футбол жанкүйерлерінің тәртібіне көңіл бөлген.

Солтүстік Кавказ және Орталық Азиядан шыққандар Ресейде неоұлтшылдар мен "казактар" тобының шабуылына жиі ұшырайды, делінген баяндамада. Ресейлік полиция нәсілдік белгілеріне қарап ұстайды, деп есептейді БҰҰ сарапшылары.

Мәскеу адам құқығын қорғаушылардың баяндамасын мұқият зерттеуге уәде берді. "Интерфакс" агенттігінің Женевадағы дереккөзінің мәлімдеуінше, БҰҰ қорытындылары Ресейге қандайда бір саяси міндет жүктемейді.

Abai.kz

0 пікір