Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
4065 0 пікір 29 Тамыз, 2017 сағат 10:01

ИМ Дағыстандағы полицияға шабуыл жауапкершілігін мойнына алды

"Ислам мемлекеті" террористік тобы Дағыстанның Каспийск қаласындағы полицияға жасалған шабуыл жауапкершілігін мойнына алды. Бұл туралы террористік әрекеттерді зерттеу жөніндегі SITE Intelligence Group тобы хабарлады.

Шабуыл салдарынан полицияның екі қызметкері қаза тапты. Шабуылдаушыларды атып өлтірген. "Кавказ.Реалии" (RFE/RL жобасы) сайтының хабарлауынша, шабуыл жасалған жерде ИМ белгілері табылған.

Дүйсенбі күні Дағыстанның Хасавюрт ауданында өткен контртеррористік операция кезінде құқыққорғау органының бір қызметкері оққа ұшып, тағы біреуі жараланды.

Аймақтағы содырлар полиция қызметкерлері мен шенділерге жиі шабуылдап тұрады, мұндағы кейбір содырлар "Ислам мемлекетіне" қатысы барын жариялаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3500