Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
4454 0 пікір 29 Тамыз, 2017 сағат 10:00

Атамбаев "досының" қырғыз президенті болғанын қалайды

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев күздегі президенттік сайлаудан соң өзінің жақтастары билік басында қалады деп үміттенеді.

28 тамызда Өзген қаласының тұрғындарымен кездескен Атамбаев президентікке үміткер Сооронбай Жээнбековті "досым" деп, ал жаңадан тағайындалған премьер-министр Сапар Исаковты "өзім тәрбиелеген жас жігіт" деп сипаттады.

"Досымның президент болып сайлануы мүмкін. Өзім тәрбиелеген жас жігіт премьер-министр болды. Үкіметке жастар келіп жатыр. Олар мен бастаған жолға түсіп, істерді соңына дейін бітіреді", - деді Атамбаев.

Атамбаев "бір адам бір ғана мерзім президент болады" деген конституциялық шектеуге байланысты қайта сайлауға түсе алмайды.

Былтыр желтоқсанда Атамбаев бастама көтеріп, конституцияға өзгеріс енгізу бойынша референдум ұйымдастырылған. Жаппай дауыс беру арқылы премьер-министрдің өкілеті күшейтілген.

Қырғызстандағы президенттік сайлау 15 қазанда өтеді.

Abai.kz

0 пікір