Жұма, 19 Сәуір 2024
4278 0 пікір 29 Тамыз, 2017 сағат 09:59

Түркіменстанда Азиада қарсаңында полиция мен әскер қызметкерлері көшені күзетеді

Түркіменстанда Азия ойындары қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Көше бойында, саябақтарда және базарларда арнайы әскери күзет пайда болды. V Азиада ойындары Ашхабадта 17-27 қыркүйек аралығында өтеді.

Азаттық радиосының Дашоғыз уәлаятындағы дереккөзінің мәліметіне қарағанда, облыстың ірі базарларында әскер қызметкерлері мен полиция күзетіп жүр. Мұндай күзет саны жиырмадан асады, олардың дені сарбаздардан тұрады.

"Базар ішінде полиция көліктері күзетіп жүр. Бір ай бұрын мұндай емес еді. Өзбекстанмен шекара толықтай жабылды. Бұл жолы шекараны екі ел бірден жапты", - деді дереккөз.

Тұрғындардың хабарлауынша, Балқан уәлаятында, сонымен бірге Балқанабад қаласындағы сауда нүктелерінде полиция мен әскер қызметкерлерінің күзеті қойылған. Қала әуежайында қауіпсіздік күшейтілген.

Бұған қоса, Түркіменстан Каспий теңізіндегі шекараларына бақылауды арттырған. Мұнда әскери кеме саны ұлғайған.

Abai.kz

0 пікір