Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
4101 0 пікір 28 Тамыз, 2017 сағат 09:52

Пәкістан: полиция антиамерикалық шеруді күшпен тарқатты

Пәкістан полициясы 27 тамызда Карачи қаласындағы антиамеркалық шеруді тарату кезінде көзден жас ағызатын газ бен тоқпақ қолданды. Бұл уақытта Исламабадта Пәкістанның сыртқы істер министрлігі АҚШ делегациясының елге келмейтінін жариялады.

Вашингтонның Пәкістан мен Ауғанстандағы арнайы өкілі Элис Уэллс Исламабадқа 28 тамызда келіп, пәкістандық ресми тұлғалармен кездесуі керек еді.

Сапардың болмай қалу себебі белгісіз, бірақ ол президент Дональд Трамптың Пәкістаннан ауған тәліптеріне баспана беруді доғаруын талап етуіне байланысты болса керек. Пәкістан тәліптерді қорғады дегенді жоққа шығарды.

Карачиде шеруге шыққандар АҚШ консулдығына кіруге талпынған. 27 тамызда Исламабадқа "Пәкістан қалқаны" шеруі өтіп, оған қатысқандар АҚШ саясатын сынады.

Abai.kz

0 пікір