Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
4060 0 пікір 28 Тамыз, 2017 сағат 09:48

АҚШ-та басына оқ тиген өзбекстандық қайтыс болды

40 жастағы өзбекстандық АҚШ-тың Теннесси штатының Нэшвилл қаласында басынан жараланған. Полиция мәліметі бойынша, төрт баланың әкесі Данияр Абдумажитов жарты жыл бұрын грин-карт ұтып алып, отбасымен АҚШ-қа көшіп барған.

Абдумажитовтың қайтыс болғаны туралы мәлімет Gofundme.com сайтында жарияланды.

Ол 25 тамызда қаланың солтүстік ауданында шабуылға тап болған. Шабуыл себебі белгісіз.

Данияр New York Pizza пицериясында пица жеткізуші болып істеген.

Қазір Америкада тұратын өзбек адам құқығын қорғаушы Сухроб Исмаиловтың айтуынша, бірнеше күн ішінде Абдумажитовке көмектесу үшін шамамен 40 мың доллар жиналған.

Abai.kz

0 пікір