Жұма, 29 Наурыз 2024
4069 0 пікір 28 Тамыз, 2017 сағат 09:47

Сот шешімімен жабылған "Сентябрь" телеарнасының кеңесінде флешмоб өтті

Қырғызстанда сот шешімімен жабылған "Сентябрь" телеарнасының ұжымы кеңесінде флешмоб ұйымдастырып, телеарна атауы "Жалбырак ТВ" ("Жапырақ ТВ") болып өзгергенін жариялады.

Телеарна журналистерінің мәлімдеуінше, "Жалбырак ТВ" жұмысын интернетте жалғастырады, болашақта оның сайты жұмыс істей бастайды. Флешмобқа журналистер, азаматтық белсенділер қатысты.

Бішкектің Первомай аудандық соты 22 тамызда "Сентябрь" телеарнасының Қырғызстан аумағында хабар таратуына тыйым салып, оның бағдарламаларына Интернетте шектеу қойды.

Бұған Ош облыстық ішкі істер басқармасының бұрынғы басшысы Абылды Капаровтың сұхбаты түрткі болған. Сот бұл сұхбатты "экстремистік сипаттағы материал" деп таныған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616