Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 5349 2 пікір 28 Тамыз, 2017 сағат 09:48

Бас мүфти қажылардан ел тыныштығы үшін дұға етуді сұрады

Қажылардың тағы бір тобы Мəдина қаласына аттанды. 400 қажыны Астана əуежайында шығарып салған Бас мүфти Ержан Малғажыұлы ел үшін дұға жасауды сұрады.

"Сіздер үлкен сапарға аттанып барасыздар. Сабырлықпен қажылық жасап, ел бірлігі, тəуелсіздігіміз, ел тыныштығы үшін дұға жасаңыздар.Тілектеріңіз қабыл болсын. Қажылық өте жауапты сапар. Туристік сапар емес. Ғибадат болғандықтан сабырлық қылыңыздар. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының миссиясы сол жерде жұмыс жасайды. Сіздерге барлық жағдай жасалатын болады. Пайғамбарымыздың қаласына 5 сағат 40 минутта жетесіздер.  Ел үшін дұға жасауды ұмытпаңыздар", - деді қажыларды әуежайда шығарып салған Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

22 тамыз күні  290 қазақстандық қажының алғашқы легі Мəдина қаласына жетіп үлгерді. Кеше түнде тағы 400 қажы ұшаққа отырды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2283
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621