Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 11283 6 пікір 11 Тамыз, 2017 сағат 18:36

«Нарынқол» ауданы құрылады

Алматы облысында жаңа ауданды құру туралы мәселе қаралды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

Бейсенбідегі облыстық маслихаттың отырысында үкіметке сәйкесінше ұсыныс беру туралы шешім қабылданды.

«Қазақстан Республикасының Үкіметіне Алматы облысының құрамында әкімшілік орталығы Нарынқол ауылы болатын және Алматы облысы Райымбек ауданынан жер бөлу арқылы жалпы ауданы 711 937 гектар болатын жаңа аудан құру туралы ұсыныс берілсін», - делінген маслихаттың шешімінде.

Аталып өткендей, республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жаңадан құрылған ауданға «Нарынқол» атауын беру туралы ұсыныс жіберілді."

Абай-ақпарат

6 пікір