Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Анық 8660 1 пікір 10 Тамыз, 2017 сағат 18:14

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі

Биыл тест сынағын тапсырғандарға берілетін мемлекеттік білім гранттарын бөлу мәселесін қарастырған республикалық комис­сия өз жұмысын қоры­тын­дылап, грант иегерлерін анықтады.

Көпшілік сарыла күткен конкурс нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз. Бұл сілтемеден толық тізімді табатыныңызды ескертеміз.

Биыл жалпы 37 932 грант бөлінген. Оның ішінде, 35 082 грант 1 курсқа қабылдау үшін (күндізгі оқу нысаны бойынша – 34 782, сырттай оқу нысаны бойынша – 300 грант), 2850 орын – жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін бөлінген. Техникалық ғылымдар мен технологиялық мамандықтарға - 13 670 грант, педагогикалық мамандықтарға - 8 235 грант, ауыл шаруашылығы мен ветеринарлық мамандықтарға - 2 682 грант, медициналық мамандықтарға 3 150 грант қарастырылған. Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жіберілген жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтілген.

Білім грантын тағайындау конкурсына 63 169 адам қатысқан. Оның ішінде 49 858 адам  – қазақ тіліндегі оқу бөліміне, 13 311 адам – орыс тіліндегі оқу бөліміне тапсырған. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы шеңберінде квота бойынша оқуға 9 148 адам конкурсқа қатысқан.

Білім грантын иеленгендердің тізімі мына сілтемедеде де бар.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3519