Жұма, 19 Сәуір 2024
Экономика 5816 2 пікір 9 Тамыз, 2017 сағат 17:41

Сыр маржаны мен қауыны сырттағы сұранысқа ие

Қызылорда  облысы агроөнеркәсіп кешенін дамыту және экспорттық әлеуетін арттыру бағытында 2017-2020 жылдар аралығында 30 млрд. теңге көлемінде 99 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Облыстың ауылшаруашылық саласындағы оң өзгерістің бірі – 647 жеке қосалқы шаруашылықтың  бірігуімен 27 кооператив құрылған. Елбасының экспорт көлемін 40 пайызға арттыру тапсырмасына сай облыстың ауылшаруашылық саласы «Агрокарта» бағдарламасы аясында іске асатын болады деп хабарлайды www.ortcom.kz

«Агрокарта» аясында ауыл шаруашылығының күріш, балық, ет, бақша өнімдерін  экспорттау көлемін 2021 жылға қарай  5 есеге дейін ұлғайту жолдары айқындалған. Негізгі экспортталатын елдер - Қытай, Ресей, ЕвроОдақ, Түркия, Иран  мемлекеттері. Осы ретте күріш өндірісін дамыту мақсатында, күріш жармасын қымбат нарыққа шығару жолға қойылған.

−         Бұл бағытта Иранда сұранысы жоғары Торем Хошеми сортын биыл 100 гектарға егіп, 2020 жылға қарай Иран Ислам Республикасына 5 мың тонна күріш өткізу жоспарланып отыр. Биылдың өзінде «Ақтөбе и К» ЖШС-гі Иранда сұранысы жоғары «Торем Хошеми» сортын  90 гектарға екті және «Сыр маржаны» шаруашылығында осы сортты тестен өткізу үшін  2 гектарға егілді. Биыл Иранға экспортқа 60 тонна «Торем Хошеми» сортын жіберу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, бүгінгі күні Қытай мемлекетіне күріш салысын өткізу мәселесін пысықтаудамыз,-деді Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Пірмұхамед Сыздықов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында.

Қызылорданың елімізге кең тараған «әңгелегі» енді өзге елдерге жіберілетін болды. Биыл 2000 тоннаға жуық сыр қауынын экспорттау жоспарланған. Қазіргі таңда Ресейге 52 тонна сыр қауыны экспортталды. Ресейде сұранысы жоғары қауын сорттарымен гибридтерін егу облыстың ауылшаруашылық саласындағы негізгі мақсаттырының бірі.  Сонымен қатар, өндірістік негізде 1600 гектар басқа да бақша дақылдары егілген.

Абай-ақпарат

2 пікір