Жұма, 24 Мамыр 2024
Қазақ жері 3930 2 пікір 8 Тамыз, 2017 сағат 08:21

Мұраға қалған жерін жерден де, көктен де іздеп таба алмай жүр

Ақтөбе облысы

Мәртөк ауданының әкімі

 Нұржауған Қалауовқа

Ашық хат

Ақтөбе облысы, Ақтөбе ауданы әкімінің 1997 жылғы 9 сәуірдегі №103 шешімімен «Қойсұлу» ш/қ басшысы Мансұр Қалменовке шаруа шаруашылығын жүргізу мақсатында, тұрақты жер пайдалану құқығымен, кадастрлық нөмірі 02-021-008-002 санды 455,0 га жер телімі бөлініп, «Жер учаскесіне меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқықығын беретін мемлекеттік №0004558 санды АКТ» берілген.  Қазіргі кезде бұл жер телімі Мартөк ауданы, «Бұлақ» ӨК (Родник) аумағында орналасқан.

Өкінішке орай, бастаған игі ісін аяғына жеткізе алмай шаруа қожалығы басшысы Қалменов Мансұр 09.01.2004 жылы ауыр науқастан қайтыс болады.

ҚР Жер Кодексі ережесінің 40 бап, 2 – тармағында: «Жер теліміне ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану құқығы бар азамат қайтыс болған жағдайда (ш/қ басшысы Қалменов М қайтыс болуы себепті), жер пайдалану құқығы ҚР азаматтық заңдарында көзделген тәртіппен мұраға қалдырылатыны» көрсетілген. Жер пайдалану құқығының әмбебеап құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы заң бойынша мұраға ие болу кезінде немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда құқық мирасқорында жер пайдалану құқығығының туындауын білдіреді (ҚР Жер Кодексі: 40 – бап, 1 - тармақ).  Демек, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда, оған тиесілі жер пайдалану құқығы ҚР азаматтық заңдарының нормаларына және жер кодексіне сәйкес құқық мирасқорына, дәлірек айтсақ оның отбасы мүшелеріне көшеді.

Бүгінде мирасқорлықты растайтын қажетті құжаттар оның отбасы мүшелерінің қолында бар, олар:

  • 08.2004 жылы Ақтөбе қаласының нотариалды конторымен мұрагерлік меншікке отбасы мүшелеріне Қарғалы селосы, Садовая көшесіндегі №38 «а» 16,18х10,62 шаршы метр 5 бөлмелі тұрғын үйдің де қоса тіркелгені туралы құжат (қараңыз: Мем. нотариус құжаты, дело №240; реестр №1-693).
  • Мартөк Аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының м.а. А.Даримованың хатында жер кадастр орталығының 2014 жылғы 08 қыркүйектегі №1-7/2541 мәліметі бойынша пайдалану мерзімін ұзарту туралы қаулы қабылданбағанын, бүгінгі күні бұл жердің бос және ешкімнің пайдалануында жоқ екенін, сонымен қатар 02-021-008-002 кадастрлық санды жою туралы бұйрықтың да жоқтығын хабарлаған құжат (Қараңыз 08.09.2014 ж. №01-ж1233).
  • Отбасы мүшелерінің қолында жер мұрагері, қызы Анар Қалменоваға Мартөк ауданының әкімінің орынбасары Б.Кенжеғұловтың «Қойсұлу» шаруа қожалығының жер учаскесін заң бойынша мұра етуге қарсы еместігін білдірген 27.11.2014 ж. хаты (қараңыз: Шығыс № ЖТК 00343,0).
  • ҚР-сы Ақтөбе нотариаттық мекемесі С.А.Балпейсованың 28.11.2014ж. қайтыс болған Қалменов Мансұрдың атында жерге қатысты мұрагерлік құжаты №240-шы санды ретімен тіркелгені туралы жазылған құжат (қараңыз: Ақтөбе нотариалдық округі құжаты №1-11/225).
  • Әрбір отбасы мүшесінің мұрагерлікке үлесіне келетін болсақ, 06.01.2015 ж. ҚР-сы Ақтөбе нотариаттық мекемесі С.А.Балпейсованың берген құжатында: Мартөк ауданы, Родниковка ауылындағы «Қойсұлу» шаруа қожалығының жер телімдері оның жұбайы Байменова А.Ж - 1/6; қызы Қалменова А.М – 1/6, ұлы Қалменов А.М -1/6 болып мұрагерлеріне тіркелгені туралы көрсетілген. Бұл құжат нотариустың мұрағаттың құжатында: №38/2014-ші санды ретімен тігілген.

Мартук ауданы әкімшілігіне Ақтөбе облысы, бұрынғы Ақтөбе ауданы әкімінің 1997 жылғы 09 сәуірдегі №103 шешімінің негізінде азамат Мансур Қалменовке шаруа қожалығын жүргізу үшін тұрақты жер пайдалану құқығымен табысталған «Қойсұлу» шаруа қожалығы мүшелері жиналысының ХАТТАМАСЫ да тапсырылды (01.12 2015 жыл).

Құрметті Нұржауған Қалауов, қазіргі кезде сол мұрагерлікпен қалған жер телімін отбасы мүшелері жерден де, көктен де іздеп таба алмай жүр. Белгісіз сепбептермен «Қойсұлу» ш/қ жер телімі жоғалған. Мәселе 2016 жыл 23 маусымдағы Жер кодексіне байланысты құрылған «Үшжақты» комиссия отырысында  қойылған сауалымыз, әлі күнге дейін ашық күйінде қалып келеді. Жер белгісіз біреудің иелігіне негізсіз өтіп кетуі мүмкін деген де күдік туындайды. Күдікті сейілту үшін біздер «Қойсұлу» ш/қ жер телімінің іздестіріліп, табылуын және оның мұрагерлеріне құжатталып қайта табысталуын сұраймыз.

РS:   ХАТ 09.08.2016 жылы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Үшжақты комиссия төрағасы  М.С.Жұмағазиевке, Көшірмесі: «Ақтөбе облысының жер атынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысы Қ.Қ.Сәрсенғалиевке жер дауына қатысты құрылған облыстық әкімшілік жанына құрылған «үш жақты комиссия мүшелері» атынан, қолдары қойылып, «хаттамаға» тіркеліп тапсырылды. Өкініштісі, Мартөк ауданы әкімшілігі «Қойсұлу» ш/қ жер телімінің табылып, заңды мұрагерлеріне тапсыру мәселесін әлі күнге дейін шешпей келеді. Қажетті барлық құжаттарды мұрагерлері аудан әкімшілігіне де өткізді. Тіркелді.

Сәлемнен Үш жақты жер комиссиясы мүшесі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Н.Қошаманұлы

Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2300
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2650
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2739
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1740