Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Ел іші... 5892 3 пікір 8 Тамыз, 2017 сағат 08:13

Қыздар, сендер менің ішімдегі жақсылықты өлтірдіңдер...

«Бірде бір әлеуметтік желісіне кіріп қарасам, ішінде әп-әдемі жас қазақ қыздар екен. «Танысайық» деп жазсам, «5 минуты 10 мың»,  - дейді. Ойпырым-ай,  кыздарымызға не болған?!», - деп 30 жастағы Марат есімді жігіт ашуға булықты, біраз үндемей қалып, әрі қарай сөзін жалғастырды:

«Әрине шынайы өмірде талай қызбен танысып, сөйлесіп көрдім,  «кездесіп, театрға, киноға барайық, сөзіміз жарасып жатса, ата-аналарымызбен кезігіп, танысайық» - дегеніме беретін жауаптары:  «Мен әлі тұрмыс құруға дайын емеспін, одан да сен мені караоке, түнгі клубтарға апар, мен әлі қыдырғым келеді» - дейді, сонда қазір жасы 25-те ол отбасы құрып, бала тууға қашан дайын болмақ? Жарайды осы жасқа келдің, ал бойдақ болып жүре бер дейік. Бүгін түнгі  клубқа барайын деп мені пайдаландың, ертен анау айфон сатып алды деп, басқа бір жігітпен жүрдің, бір зат алып берді деп, тағы басқаны пайдаланасың, сүйтіп жүріп, жігіттердің қолында ойыншық боласың ғой. Ертен 30-35-ке  келесің, тұрмысқа шыға алмадым деп кімді кінәлайсыңдар?!  Ол жаста кім алады сені?! Сонда сені әке-шешең бар бақыт – байлықта, деп тәрбилеген ғой шамасы?

Ал сол жігіттерден іздеген бағалы сыйлықтарын қалай табылатынын неге ойламайсың? Сен өз туған әкеңнен сұрашы. Әке, сен мені өсіріп, жеткізу үшін ақшаны қайлай таптың? Ол қаражатты табу үшін, маңдай терің төгілді ме? Сен менің анама қалай үйлендің, сол бір тапқан жалақыңды сендер де бір түнде клубқа шаштыңдар ма деп, неге сұрамайсыңдар?! Аяқ-қолын сау ма, қалаған нәрсеңді алу үшін жігіттерді жағалағанша, жұмыс істеп, сатып ал. Мен әрқашанда әйел адамды қадірлеймін, өйткені тәрбием сондай, ұрысып, жекіп көрмегенмін ешқашан, сыйлап, қолымнан келгенше көмегімді де аямаймын. Бірақ талай қазақ қызынан көрмегенім жоқ, әкем ауыр халде, біреуі шешесі, біреуі пәтерақысын төлей алмай жатырмын деп сылтау айтып, менің аңқаулығымды пайдаланғандар көптің қасы. Әкең ауырды ма шынымен, мен қолымнан келгенше жәрдемдесемін, ал бірақ өмірде өтірік айтқан адамды жақтырмаймын!

Күндердің бір күні Сахара шөлінде бір адам екі түйесімен кетіп бара жатыр екен, біреуінде өзі отыр, ал екіншісінде тауарлары бар екен. Сахараның ортасына қараса, жерде бір адам жатыр. Адамның үсті-басы, киімдері жыртылып, құм болып, шаш, сақалдары шашылып жатыр екен. Әлгі адам көмек сұраған, «Алланың ризалығы үшін көмектесші» - деген, «мен шөлдеп өліп қалам әйтпесе осы жерде, су ішкім келеді, ашпын, күн болса ыстық, жүре алмай жатырмын» - деген. Әлгі адам жаны ашып, түйесіне отырғызып, тамақ-суын беріп, үстіндегі киімін ауыстырған. Кейін екеуі түнде бір жерге қонақ болып түнеген, таңертен тұрса, әлгі бейшара екі түйесін тауарларымен қоса алып қашып бара жатыр екен. Сонда әлгі адам: «Менің сенімен кетіп бара жатқан түйелерге, тамаққа, суға жаным ашымайды, мен тек қана бір нәрсеге жаным ашиды – ол сен менің ішімдегі жақсылық ниетімді өлтірдің», – деген екен. Онымен қоймай: «Бірақ сенің осы ісіңді ешкімге айтпаймын, мүмкін шындықта шөлде біреуге тағы да көмек керек болса, мен біреулерге айтсам, бұрын бір адамға осылай болған, бұл да бізді алдай ма деп, шынымен көмекке зәру адамға көмектеспей кете ме деп, мен сенің осы ісіңді ешкімге айтпаймын» - депті. Сол сияқты айлакер, өтірікші қыздар, сендер де менің ішімдегі жақсылықты өлтірдіңдер...».

Қазіргі заманда адамдарда рухани құндылықтар мүлде қалмағандай, әке-шешесі қыздарының тәрбиесімен айналыспайтындай көрінеді, оған қазақ қыздарының намысы қалмағандығы, тіпті ақшалы адам – шетелдік болса өзін шетелдікке сатып жіберетіндігі. Ол қыздың әкесі қайда? Ағасы қайда? Неге оған жол береді? Ал бұл болса біздің қазақ үшін үлкен қайғы десек те болады! Талай қара көзіміз қытайына, түрігіне тұрмысқа шығып кетіп жатыр... Сол түріктердің қыздарын Қазақстанда қазақ жігітімен жүргенін бір көрдіңіз бе? Әлде сол  қытайдың бір қызын Қазақстанда қазақ жігітмен жүргенің көрдіңіз бе?

«Мен өзім қазақпын, шетелде туып өстім, отбасымызда қыздарымызды тек қазаққа тұрмысқа бердік, не істесең соны істе, тіпті әйнектен секір, бірақ қазақтан басқаға тұрмысқа бермейміз сені дейміз.

Жасым болса отызға келді, қазақтың қарапайым қызын алғым келеді, маған тұрмысқа шық, тойымды Кемерде үлкен қайық жалдап жасап беремін, жұмыс істегің келмесе үйде отыр, балаларымызды тәрбиелеп, қыдырғың келе ме, жылына бір рет мен сені шетелге апарам, бар жағдайыңды жасаймын, жауап беретіндері: «Мен әлі дайын емеспін», «қыдырғым келеді, қымбат түнгі мекемелерге апар, анау бағалы затты әпер», сол керегі жоқ клубтарға қаражат жұмсағанша, ақшамызды жетімдер үйіне апарып, балаларға тамақ берейік одан да, рухани тағамға жұмсайық. Мен бұрын алып қашу дәстүріне қарсы едім, ал енді қыдырымпаз, арын ақшаға сатқан қыздарды қазақ жігіттеріне алып қашқызу керек, бала туғызсын, оданда үйде отырып бала бақсын! Қыздың өмірі –  көбелектің өмірі сияқты қысқа болады, 17-18 жаста басталып, 25-26 жасқа дейін сұлу болып жүреді, осы қысқа уақытта тұрмысқа шыққаны жөн. Бір анаумен, бір мынаумен жүрмей. Кейін кеш болады...».

Бұрынғы бастарынан ақ жаулық түспеген, өнегелі аналарымыз қайда?

«Қыз – елдің көркі, гүл — жердің көркі» деген қазағым, сол елдің көркін тәрбиелейтін аналарымыз қайда? Әлеуметтік желіден, шынайы өмірден қазақ қызының теріс қылықтарын көру тіпті таңқалдырмайтын жайға жеттік. Кеше жаңалықтардан арын қытай, жапон, корейліктерге сатқан қыздарымыздың бетінен ұят, ар-намыстың бір ізін сезбедім, бүгін ұсталды, ертен жібере салады, ал олар болса әрі қарай істерін жалғастырмақ, ертен олар өмірге қандай ұрпақ әкелмек? Түн жарымда қызы қайда деп іздемей ме әке-шешесі?

«Қазір әкем-шешем шетелде, мен Қазақстанда жүрмін, жігіт болсам да, әкем күнде хабарласып, қайдасың? түнде жүрме! шекпе! ішпе! – деп айтып отырады», – деп әлгі жігіт сөзін аяқтады.

Бала кезімнен есімде кешке анам бәрімізге аңыз, ертегі, батырлар жырын оқитын, жатарда әр-біреуіміз бір-бір кітапты құшақтап ұйықтайтын едік. Қазақ әндерін естіп, айтып өстік. Жуырда бір таныс қыздан сұрасам сен Мейрамбек Беспаевтың өлеңдерін естисің бе десем, «а это имя мне ничего не говорит»,  – деп бадырайып қарайды маған, баласына қазақ әуенін естітпеген ана – ол қандай ана? Сен өзің қазақсың ба, кімсің? Елім, жұртым деп соқпаған не жүрек ол, біз не болып барамыз, қайда бара жатырмыз? Әйелдің бала тәрбиесіндегі ықпалы өте зор, дана сыншымыз Абай ата ақындығына Зере әжеміз игі әсерін тигізгені тарихтан мәлім. Бұл заманда әр қайсысымыз өзімізге:  – Мен кімді тәрбилеп жатырмын? – деген сұрақ қойғанымыз жөн сияқты...

Қымбат Керейбай

Abai.kz

 

 

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2166
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2569
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2444
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1670