Жұма, 24 Мамыр 2024
Әне, көрдің бе? 4806 13 пікір 7 Тамыз, 2017 сағат 10:55

Жарты жылда 70 мектепті, яки 40 аурухананы жеп қойыпты...      

Жемқорлар барлық жерде де бар шығар. Алайда біздегі жемқорлардың жөні бөлек. Олар «Түйені түгімен, биені жүгімен» жұтқанда тамағы бүлк етпейді. Қақалып қалармын деп те ойламайды. Қанағат дегеннен мүлдем жұрдай. Бұлардың көш басында ақ жағалы шенуніктер келеді екен.

Осыншама қарақұрым жұрттың тамағынан өтіп кеткен дүниені есептегенде жағаңды ұстайсың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кірістер жөніндегі комитеттің алдын алу жұмыстары және бақылау басқармасының басшысы Арман Есембаевтың айтуына қарағанда тек биылғы жарты жылдың өзінде әлгі шенеуніктеріміз барлығы 150 миллиард теңгені жымқырып қойыпты. Бұлар негізінен мемлекеттің әлеуметтік бағдарламасына бөлінген қаржы көрінеді.

Ал енді осыншама мол дүниеге не істеуге болар еді? Қарап отырсаң, көптеген игі істер атқарылып, бірталай шаруаның беті бері қарар еді. Мәселен, осыншама қаржыға 1200 балаға арналған 70 мектеп, 80 бала бақша, немесе жақсы жарақталған 40 аурухана салып тастауға еркін жетеді екен.

Мінекей, шенеуніктеріміз жемқорлығынан  қаншама бала мектепсіз, қаншама сәби балабақшасыз, қаншама сырқат ауруханасыз қалды. Әй, оған ұра берсең, семіре беретін борсыққа ұқсас шенеуніктеріміздің жаны аши қояр дермісің.

Жайберген Болатов

Abai.kz

 

 

13 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2300
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2649
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2739
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1740