Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 5155 20 пікір 1 Тамыз, 2017 сағат 12:59

Жазушылар Одағы Баянды мүшелікке қабылдаса, жаман болмайды

 

Егер Жазушылар Одағына заманауи пиар керек болса,онда Баян Есентаеваны мүшелікке қабылдағаннан ұтылмайды. Өйткені, заманауи менеджменттің арбасы алға шықты қазір, PR заңдылықтары орып әкетіп барады. Капитализмнің бастауында отырғандағымыз бұл. Теледидардың төріндегі әншілер - соның қарлығаштары ғана. Алда жанталасып пиар қуалайтын күндер келе жатыр. Өйткені, жарнаманың сондай құдыреті бар. Жарнамасы бар адамның кітабын қуалап жүріп оқимыз әлі. Ал, өзін қоғамға қояр да қоймай өткізіп отырған адамның бірі - Баян Есентаева. Нарықтың, базардың көзімен қарасақ, ол - феномен. Ал, капитализм Жазушылар одағын айналып өтеді деген заңдылық жоқ. Қазақ тілі де капитал тіліне айналмаған соң - бейшара күйде. Кім өзінің бойында барды капитал тіліне айналдыра алады, соның сөзі - сөз. Өзі - өтімді тауар. Әрине, менің осы пікірім үшін сіздер мені аямайтындарыңызды білемін. Бірақ, мен мұны Қарл Маркс жазған капиталдың заңдылықтарына сүйеніп айтып отырмын. Мен осыны қалайын, қаламайын, нарықтың қарапайым заңдары менен де, сізден де ештеңені сұрамайды. Кешегі тарихың да керек емес оған. Әдебиет - тауар ол үшін. Бұл дөңгелек бізге дейін де осы механизммен айналған. Солай айналдырады бізді әлі. Қалай бұлқынсақ та біз нарық заңдармен өмір сүруге мәжбүр боламыз.Ал, нарық заңдарын кім жақсы меңгерді, сол алдымызда жүретін болады. Ал, бұл - факт!

Серік Жанболаттың "Фейсбуктағы" парақшасынан алынды

20 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3576