Сенбі, 20 Сәуір 2024
4447 0 пікір 27 Шілде, 2017 сағат 09:56

Ташкенттен үй сатып алған шетелдіктерге тұрақты тіркеуге тұруға рұқсат берді

Өзбекстан үкіметі шетелдік азаматтарға астанадан үй сатып алуға рұқсат берді. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, министрлер кабинеті 19 шілдеде тиісті қаулы шығарған.

Қаулыға сәйкес, Өзбекстан облысының тұрғындары жаңадан салынған тұрғын үйлерден 2500 айлық есептік көрсеткіштен кем емес бағаға пәтер сатып алған жағдайда, астаналық тіркеуге ие бола алады. Тек үйді сатып алғаны үшін пәтер құнының 5 пайызын баж салығына төлейді.

Ал шетелдік азаматтар тұрақты тіркеуге тұру үшін құны 150 мың АҚШ долларынан кем емес, үй сатып алуы тиіс. Бұл келісім бойынша 10 пайыз салық төлейді.

Сатып алу-сату жөніндегі келісім тек ғана банктік есеп шот арқылы жүзеге асады. Жаңа тұрғын үйге салынып біткеніне үш жыл толмаған үйлер кіреді.

Abai.kz

0 пікір