Жұма, 29 Наурыз 2024
4200 0 пікір 27 Шілде, 2017 сағат 09:55

Қырғыз ОСК Текебаевқа емтихан тапсыру үшін сотқа жүгінуге кеңес берді

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы "Ата Мекен" фракциясының лидері Өмірбек Текебаевқа мемлекеттік тілден емтихан тапсыру үшін сотқа жүгінуге кеңес берді. Бұл жөнінде 26 шілдеде баспасөз мәслихаты кезінде ОСК мүшесі Қайрат Осмоналиев мәлімдеді.

Оның сөздерінше, Өмірбек Текебаев коррупция ісі бойынша қамауда отырғандықтан өз еркімен барып, емтихан тапсыра алмайды.

Қырғызстан заңдарына сәйкес, сотталушыға әлі сот үкімі шықпаған жағдайда, сайлауға қатысуға құқығы бар. Бірақ президенттікке үміткерлерді емтихан тапсыруды қамтамасыз ететін құқықтық механизм қарастырылмаған.

Ол Өмірбек Текебаевты мемлекеттік тілден емтихан тапсыруға болатынын тек ғана сот шешетінін атап өтті. Егер сот органдары оң шешім қабылдаса, үміткер 10 тамызға дейін емтихан тапсыра алады.

Еске сала кетейік, 25 шілдеде Бірінші май аудандық сотының судьясы Айбек Эрнисұлы Өмірбек Текебаевтың адвокатына сотталушының сайлау құқығын қамтамасыз етіп, төлқұжатын беру жөніндегі өтінішін қанағаттандырмады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3558