Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 6447 1 пікір 27 Шілде, 2017 сағат 09:32

Үйленген соң көп жігіт философ болып кетеді

Чарли Чаплин деген комик айтқан екен: "Әйел адам кез келген еркекті миллионер қыла алады, егер еркек, әрине, миллиардер болса". Негізі сөздің астарын түрліше түсінуге болады. Бір жағынан мотивация сияқты көрінгенмен, екінші жағынан сұмдық сынақ екенін байқауға болады.

Тағы бір ғұламаның "Үйленгенше - бір көзіңді жұмасың, үйленген соң екі көзіңді жұмуға тура келеді" деген сөзі де бар. Шынында үйленген соң көп жігіт философ болып кетеді. Негізі үйленуді лотереяға ұқсатамын, біреулердің бағы болады, ал жап-жақсы жігіттердің жолы болмай жатады. Бір досым бір қызға ғашық болып қалған, сондағысы "сені миллиардер қыламын" депті. Мен де дәл осындай сөзге сынып қалар едім, кім біледі?! Қыздың жігіттің психологиясын зерттеп, дөп түсетін сөз айтқанына риза болдым.

Қыздар жағы жігітті сындыру үшін қандай сөздер айтатын білмеймін, бірақ жігіттердің жаттанды сөздерін барлық адам білетін шығар. Жалпы алдын ала ештеңеге уәде берудің қажеті жоқ сияқты. Үйленетін кезде қандай сиқырлы сөздер қолданады?

Нұрлан Жанай

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір