Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6981 14 пікір 21 Шілде, 2017 сағат 11:15

Президент Назарбаев демалысқа шықты

Президент Нұрсұлтан Назарбаев қысқа мерзімді демалысқа шықты. Ақорданың ресми сайты осындай ақпар таратты.

"Мемлекет басшысы қысқа мерзімді демалыста" делінген ресми хабарда.

Биыл 77 жасқа толған президент Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың қаңтар айының бас шенінде еңбек демалысына шыққан.

Айта кетейік, Елбасының денсаулығы мен оның жасына қатысты түрлі қауесеттер айтылып жүр. Әсіресе, президент Назарбаевтың саяси амбициясы мен карьерасына қатаң қарайтын батыстық БАҚ сынықтан сылтау ізейдін де тұратын.

Ал 2016 жылдың қазан айында тұңғыш рет президент Назарбаевтың денсаулығы сыр бергені ресми хабарланды. Салқын тиген Назарбаев Ереванға бармаған еді.

Abai.kz

14 пікір